ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН КӨШ БАСТАП ТҰР
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде 2018 жылы 86 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген. Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігі парақорлық. Бұл – 44,2 пайызды құрайды. Ал сеніп тапсырған бөтеннің мүлкін ұрлау және алаяқтық – 37,2 пайыз, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану – 24,4 пайыз. Өндіріспен 74 қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілген. Өткен жылы өңірде орын алған сыбайлас жемқорлық қылмысы фактілері туралы толығырақ бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында департамент басшысы Рустам Ақмырзаев баяндады.

Рустам Сапарбекұлының айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған 40 тұлғаның 10-ына бас бостандығынан айыру, 21-іне айыппұл төлеу, 9-ына басқа жазалар тағайындалған. Тергеумен аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал көлемі 375,7 млн. теңгені құраған. Оның 125 млн. теңгесі өндірілген. Есептік кезеңде 47 мемлекеттік қызметші мен оларға теңестірілген тұлғалардың қатысуымен 86 сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалған.
– Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың ең көбін жергілікті атқарушы органның қызметкерлері жасаған, яғни 46 қылмыс тіркелген, 16 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ, ішкі істер огандарының қызметкерлері 33 қылмысқа жол берген. 22 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық үшін 4 министірліктің аймақтық құрылым қызметкерлері, ҚР Ұлттық банкінің облыстық бөлімшесінің 2 қызметкері мен квазимемлекеттік сектордың 2 қызметкері жауапқа тартылды, – деді департамент басшысы.
Өткен жылдармен салыстырғанда анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жүргізілген талдау жұмыстары спорт және мәдениет салаларында өзгеріс бар екенін көрсетіп отыр. Бұрын анықталған құқықбұзушылықтардың саны бойынша алдыңғы орындарда болған бұл салаларда 2018 жылы қылмыстар тіркелмеген. Ал тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс саласы көшбасшылық орындарды нық ұстап тұр. Бұл салада 35 қылмыс анықталып, 7 тұлға жауапқа тартылған. Ішкі істер органдары қызметкерлері де сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау тоқтамай келеді.
– Ішкі істер орган қызметкерлерімен жасалатын қылмыстардың бірі лауазымдық өкілеттіктері шеңберіне кіретін мәселелерді шешу бойынша заңсыз іс-әрекеттер жасағаны үшін, атап айтқанда, адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатқаны үшін пара алу жайттары болып отыр. Лауазымдық өкілеттіктер шеңберіне кірмейтін мәселелерді шешу бойынша заңсыз іс-әрекеттер жасау жолымен алаяқтық фактілері орын алуда, – деп толықтырды Р.Ақмырзаев.
Ал аудандар бойынша ең нашар жағдай Бөрлі ауданында. Бұл ауданда 27 құқық бұзушылық жасалып, 4 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Теректі ауданында – 9 құқық бұзушылық анықталып, 3 тұлға жауапқа тартылса, Бөкейорда, Жәнібек, Бәйтерек, Сырым, Тасқала аудандарында бі-бірден сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын қайта көлік басқарған
Әлия ҚАЙЫРЖАНОВА: «БАСТЫ МАҚСАТЫМЫЗ – ОЙЫ ОЗЫҚ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ…»
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын қабылдады
Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы реформалар жүзеге асырылуда
📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтеді
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы отырысы өтеді
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды
Қорғаныс министрлігінде Ұлттық құрылтай идеялары аясындағы міндеттер айқындалды
Голан биіктіктеріндегі миссия: қазақстандық саперлар 1200-ден астам жарылғыш затты жойды
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде жаңа төрт фармацевтикалық зауыт салынады
Президент тапсырмалары бұған дейін жарияланған ауқымды саяси реформаның жалғасы болды — Олжас Бектенов
Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды
61-ші Венеция биенналесінде Қазақстанды «ҚОҢЫР: архив үні» жобасы таныстырады
Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Орал қаласында жұмысқа орналастыру сылтауымен алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Кіру
Пікір үстеу