Түнгі клубтың жанында төбелескен Ресей азаматтары қамалды
Оралда жаппай төбелеске қатысқандардың бәрін полиция ұстады. 30 қыркүйек күні сағат 00:00 шамасында БҚО ПД жедел басқару орталығының инспекторлары сыртқы бейнебақылау камераларын мониторингтеп отырғанда қала ішіндегі түнгі клубтың бірінің жанында ер адамдардың төбелесін байқайды. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады. Бұл факт бойынша материал жиналып, куәгерлерден жауап алынды. Жанжалға қатысушылар Абай полиция бөліміне жеткізілді. БҚО ПД Баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиеваның айтуынша азаматтық сот жоғарыда аталған РФ азаматтарының ҚР аумағында одан әрі жүріп-тұру мәселесін қарайды.– Бұл факт бойынша материал жиналып, куәгерлерден жауап алынды. Жанжалға қатысушылар Абай Полиция бөліміне жеткізілді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК 434 (ұсақ бұзақылық), 440 (қоғамдық орындарда мас күйінде болу), 437 (тыныштықты бұзу) баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабында көзделген ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1992 және 1995 жылғы РФ азаматтары 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды,- деді БҚО ПД Баспасөз қызметкері Лунара Аманғалиева.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу