ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР
Орал қаласында «Назар аудар, демалыс» атты ведомствоаралық алдын алу акциясының аясында кәмелетке толмағандардың тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шаралары өтуде.

Орал қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мүшелері мен жергілікті полиция қызметкерлері ұйымдастырған тексеріс барысында учаскелік полиция пункттеріне жалпы 111 жасөспірім жеткізілді. Оның 99-ы түрлі құқық бұзушылықтар жасағандары үшін, 11-і қоғамдық орындарда қараусыз қалған, қайыр сұрап жүрген жасөспірімдер. Алты жасөспірім кәмелетке толмағандарды уытсыздыру және оқшаулау орталығына орналастырылды, 1 жасөспірім қылмыс жасағаны үшін жеткізілді.
ҚР ӘҚБК-нің 127-бабы бойынша өз балаларына қатысты нақты тәрбие бермей, ата-аналық міндеттерін орындамай жүргендері үшін 4 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБК-нің 133-бабымен жасы кәмелетке толмаған балаларға темекі сатқаны үшін 1 азаматтың үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау мақсатында жинақталған іс-құжат сотқа жолданды. Жасы 21-ге жетпеген азаматтарға спирттік өнімдерін сатқан 3 тұлғаның үстінен ҚР ӘҚБК-нің 200-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жасөспірімдермен жасалған 1 ұсақ бұзақылық дерегі орын алды.
Сонымен қатар түнгі рейд кезінде Зашаған кенті мен Сарытау шағын аудандарына тексеру жүргізген кезде сағат 23.00-ден кейін қоғамдық орындарда жүргені үшін 88 жасөспірім ұсталып, олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Шара кезінде профилактикалық есепке 4 жасөспірім, тізімдік есепке – 6 жасөспірім, 5 өнегесі төмен отбасы алынды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу