8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қыркүйек 2021 1599 0
Қоғам

ТҰМАУҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ 15 ҚЫРКҮЙЕКТЕ БАСТАЛАДЫ

Қазақстанда тұмауға қарсы иммундау науқаны 15 қыркүйектен басталады. Бұл туралы бас санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысында айтылған.

Құжатта 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы иммундау науқанын өткізуге медициналық ұйымдарды дайындау қажеттігі айтылған.

«Ірі жұмыс берушілермен жұмыс берушілердің қаражаты есебінен кәсіпорын жұмыскерлерін тұмауға қарсы вакциналаумен қамту бойынша белсенді түсіндіру жұмысы жүргізілсін», – делінген қаулыда.

Сонымен қатар 15 қыркүйекке дейін 6-7 жастағы балаларға туберкулезге қарсы ревакцинация жүргізуді аяқтау тапсырылды.

«Қарқынды терапия көрсету үшін қажетті жағдай (әлеуметтік қашықтықты, егілетін адамдардың ағынын сақтау, маска пайдалану, антисептиктің болуы) жасалсын, төсек қоры көлемі, негізгі тұмауға қарсы препараттар мен құралдар (вирусқа қарсы препараттар, оксолин майы, ыстықты түсіретін құралдар, иммундық түрлендіруші құралдар, дәрумендер мен минералдар), жабдықтар мен құралдар, дезинфекциялық препараттар мен жеке қорғаныш құралдар резервін жасай отырып, эпидемиялық маусым кезеңінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын науқастарды қабылдауға медициналық ұйымдар дайындалсын», – деп аталып өткен құжатта.

Білім басқармаларының басшылары оқушылардың келмеу себебін анықтай отырып, балалардың, жасөспірімдер мен қызметкерлерге күн сайын мониторинг жүргізуді және медициналық ұйымдар мен аумақтық бөлімшелерге ауру жағдайлары туралы хабарлауға міндеттелді.

Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтай отырып, жіті респираторлық ауру белгілері бар оқушылар мен қызметкерлерді сабаққа жібермеу үшін әрбір ауысым алдында таңертеңгі сүзгіні ұйымдастыру керек.

https://sputnik.kz/society/20210903/18039995/tumauga-qarsy-vaktsinalau.html

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»