8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Мамыр 2021 2499 0
Қоғам

ТҮЛЕКТЕРГЕ  БАТА БЕРДІ

        «Орал» орталық мешітіне қалалық мектеп бітіруші түлектері арнайы келіп, дұға тілеп,  бас имамның батасын алды.  Бұл туралы  ҚМДБ-ның БҚО бойынша  баспасөз қызметі хабарлады. 

Бақытжан қажы түлектерді жылы шыраймен қарсы алып, білімнің артықшылықтарына тоқталып, ел ертеңі мен болашағының жарқын болуы білімді жастардың қолында екенін айтты.

«Он бір жыл жиған білімдеріңізді сын тезіне салатын сәт те жетті. Асыл дінімізде мұсылман баласының білім-ғылым игеруі парыз болып саналады. Қасиетті Құран кәрімде Алла Тағала «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ала ма?» десе, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Білім алу – әрбір мұсылманға парыз» деп, үмметіне ілім игеруді насихат еткен. Сол себепті де өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялаған ұлағатты ұстаздарыңыздың еңбегін еш етпей, мерейін өсіріңіздер. Білім жолындағы сапарларыңыз сәтті болғай» деп, өңірдің бас имамы Жаратқаннан жақсылық тілеп, түлектерге ізгі лебізін білдірді.

Бас имам Бақытжан Құралбайұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, дұға жасап, жас өрендерге ақ батасын берді.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
364 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
384 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
361 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
402 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»