Құтқарушылардың мерейі тасыған күн
Бүгін, қазанның 19-ы күні ҚР құтқарушылар күніне орай шара Достық үйінде болды.
Шараға қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтау сөз сөйледі. – Төтеннен төнген түрлі қауіп пен табиғи апат кезінде алғаш болып, көмекке өрт сөндірушілер мен адам өмірін құтқаруға құтқарушылар барады. Бұл – олардың негізгі міндеті. Ең қиын жағдайда да сауатты әрекет ете алады. Құрметті Төтенше жағдайлар қызметінің батыл да, ержүрек қызметкерлері, мерекелеріңіз құтты болсын!- деген өңір басшысы бірқатар кәсіпорын басшыларына жаңа көліктердің кілті мен азаматтарға подполковник шенін табыстады.
Бұдан кейін Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, полковник Ернұр Өтегенов ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Сырым Шәріпжановтың құттықтауын оқып беріп, азаматтарды қорғау подколковнигі атағы мерзімінен бұрын және бір сатыға жоғары лауазымын бірқатар азаматтарға тарту етті.
Шара соңы өнерпаздардың концертіне ұласты.
Гүлжан СЕРІКҚЫЗЫ
Версия для печати