СЫРА МЕН ШАРАП ЖАРНАМАСЫНА РҰҚСАТ БЕРІЛМЕК

Қазақстанда сыра мен шарап жарнамасына рұқсат берілмек. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Бақнияз Қарашина айтты.
«Заң жобасы аясында 5 негізгі норманы енгізу көзделіп отыр. Бірінші – отандық баспасөз, БАҚ үшін салықтық жеңілдіктер. Екінші – мемлекеттік ақпараттық саясаттың бірыңғай жүйесін құру. Үшінші – отандық БАҚ-та сыра мен шараптың сауда белгісіне немесе атауына жарнама жасауға тыйымды алу тастау. Төртінші – мемлекеттік қатысы бар телерадиоарналар үшін хабар тарату тілін анықтауда өкілетті органның құзіретін бекіту. Соңғысы – ақпаратқа қолжетімділік туралы заңнаманы жетілдіру», – деді ол Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің отырысында. Оның атап өтуінше, газет пен журналдар үшін 2021 жылдан бастап 10 жыл мерзімге нөлдік мөлшерлемемен қосылған құн салығын енгізу көзделеді. Мұндай жеңілдік басылымның міндетті түрде онлайн-нұсқасы болған кезде ғана ұсынылады. «Сонымен қатар заң жобасында Қазақстан аумағында шығарылған сыра мен шараптың тауарлық белгісі мен атауына жарнама жасауға тыйымды алу тастау ұсынылады. Бұл Интернет желісі мен шетелдік кабельдік телеарналарды мұндай жарнаманың орналастыруымен, ал қазақстандық БАҚ бұл кірісі көзінен айрылып отырғанымен байланысты. Бұл сусындардың жарнамасы газеттердің бірінші және соңғы беттеріне, журналдардың мұқабасына жарияланбауы тиіс. Телеарналар үшін мұндай жарнама сағат 22-00-ден 06-00-ге дейін ғана рұқсат етіледі», – деді Бақнияз Қарашина. Департамент басшысының айтуынша, мұндай жарнамалардың алкоголь өнімдерін шамадан тыс ішудің зияны туралы міндетті ескертуі болады. Сонымен қатар сыра мен шарап жарнамасынан кейін іле-шала салауаты өмір салтын насихаттан роликтер көрсетіледі.
https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-syra-men-sharap-zharnamasyna-ruksat-berilmek_a3569988
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу