СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ
Бүгін Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Қоғам үшін қауіпті кеселмен күресудің тиімді жолы – оның алдын алу, оған мүлдем төзбеушілік танытып, күнделікті қарым-қатынаста ешқандай жол бермеу. Дөңгелек үстелді ашқан басқарма бастығы, подполковник Рафхат Мажитов Рафхат жемқорлық тәуекелін жою мақсатында басқармада жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметші өз еліне, атқаратын қызметіне адал болуы тиіс екені атады.
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті Превенция жəне парасаттылық басқармасының басшысы Біржан Хайруллин облыс бойынша орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне тоқталды жəне осындай құқықбұзушылыққа итермелейтін себептерін ашып айтты.
Дөңгелек үстел соңында тақырыпқа байланысты бейне роликтер көрсетілді.
Айта кету керек, сыбайластықты болдырмау мақсатында Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында жеке құраммен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар өтуде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл » Заңының аясында арнайы сабақтар да жиі ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу