8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Сәуір 2020 1518 0
Қоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН  ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІІНҢ  47 ҚЫЗМЕТКЕРІ СОТТАЛДЫ

БҚО ҚАЖД мекемелері бейнебақылау камералары және бейнетіркегіштермен жеткіліксіз жабдықталған. Бұл туралы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы мәлімдеді

 

 

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының, «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық кеңсесінің басшысы А. Сәлиеваның қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер бойынша ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыныстарды қарады. Пенитенциарлық жүйенің жабық болуы сыбайлас жемқорлықтың және оның ішінде басқа да жағымсыз құбылыстардың таралуы үшін жағдайлар туғызады, ал сотталғандар өздерін заңсыз әрекеттерге мәжбүр ету жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке немесе қадағалау органдарына кедергісіз және тікелей жүгінуге мүмкіндігі жоқ. Соңғы үш жылда және ағымдағы жылдың 1 тоқсанында республика бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне қатысты 188 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс болды.

Оның ішінде 138 қылмыстық іс өндірісі аяқталды, оның 134-і сотқа жіберілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша әртүрлі жаза түрлеріне жүйенің 47 қызметкері сотталды. Анықталған қылмыстардың ең көп саны парақорлық, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және жымқыру фактілеріне тиесілі. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында 2017 жылдың наурыз айында 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД 170/2 бастығының орынбасары Шайхиев пен жедел уәкіл Баязитов сотталған, олар сотталғандардан мерзімінен бұрын шартты түрде босату үшін жалпы көлемі 200 000 теңге пара алған. Өткен жылы БҚО бойынша ҚАЖД қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы – бас есепшісі Дүйсенғалиева алаяқтық, қызметтік жалғандық және пара беруге ықпал ету фактілері бойынша (6 жылға бас бостандығын шектеу) сотталды. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында БҚО бойынша ҚАЖД лауазымды тұлғаларына қатысты сотталғандарға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсету арқылы азаптауды қолдану фактілері бойынша (ҚР ҚК 146-бабы – 17), сотталғандардан пара алу (ҚР ҚК 366-бабы – 2), бақылау қызметін атқару ережелерін бұзу (ҚР ҚК 448-бабы – 5) бойынша 24 қылмыстық іс қаралды. Істердің негізгі бөлігі қызметкерлердің кінәсі дәлелденбеуіне байланысты тоқтатылды. Бұларды тіркеудің негізі болып, мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандар тарапынан түскен шағымдар, ҚАЖД қызметкерлерінің рұқсат етілмеген әдістерін қолдануы.

Қылмыстық істердің материалдарын талдау барысында анықталғаны мекемелер бөлмелерінде бейнекамералардың қажетті саны, сондай-ақ мекеменің арнайы сотталушылармен жұмыс істейтін қызметкерлердің бейнетіркегіштердің жеткіліксіз екенін көрсетті. Кейбір жағдайларда бейнежазба сақталатын жады әрбір 15 тәулік сайын жаңартылып, қылмыстық істі тергеу кезінде бейнебақылау камераларында бейнежазба жоқ екені анықталуда. Мұның бәрі ҚАЖД лауазымды тұлғаларының құқыққа қарсы әрекеттерін дәлелдеу процесін қиындатады. Осыған байланысты, мекеме қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу және жолын кесу мақсатында, сондай-ақ сотталғандар тарапынан арандатушылық пен негізсіз айыптауларға жол бермеу мақсатында ҚАЖД басшылығына лауазымды адамдар немесе арнайы контингент тарапынан құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасалған жағдайда тәулік бойы түсірілген бейнеақпаратты басқа электрондық тасымалдаушыға жадыдан тез арада көшіру (түсіру) ұсынылды.

Сонымен қатар, БҚО ҚАЖД басшылығына жазаны орындаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бас бостандығынан айыру орындарының бөлмелерін бейнебақылау жүйелерімен толық жарақтандыру,  бас бостандығынан айыру орындарын күзетуді жүзеге асыратын ҚАЖД қызметкерлерін видетіркегіштермен қамтамасыз ету,  кадрларды даярлау және оқу мекемелерінде ҚАЖД қызметкерлерін іріктеу сапасын арттыру,  ҚАЖД қызметкерлерін даярлау, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру процесінде түрме жүйесінің халықаралық құжаттары мен стандарттарына барынша бағдарлау ұсынылды

Жалпы, сыбайлас жемқорлықты азайту үшін барлық деңгейдегі басшылардың қол астындағылардың жасаған сыбайлас жемқорлық көріністері үшін дербес жауапкершілігі қағидаты бойынша бірыңғай жұмыс жүйесін қалыптастыру қажет. Ішкі қауіпсіздік қызметінің жұмысын жеке құрам арасында құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, оларды туындататын себептерді анықтауға бағытталуы тиіс.

 

Әр азамат сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
146 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
178 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
428 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
911 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1288 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1174 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1646 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2264 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2428 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2436 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2489 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2492 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2089 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2970 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3022 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3017 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3633 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3599 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3590 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3565 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3726 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»