СУДЫҢ ҚАТУЫ БАСТАЛДЫ
Қазіргі уақытта күздің қоңыр салқыны сезіліп судың қатуы басталып, жұқа мұздың қатуы күтілуде. Осыған орай, Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мұз үстіндегі қауіпсіздікті ескерту мақсатында, мектептерде дәрістер оқып видеороликтер көрсетті.
Сондай-ақ су айдындарындағы балықшыларға және Жайық өзенінен өтуші жолаушыларға №6 Жедел құтқару жасағымен бірге рейд жүргізілді. Баршаңызға алдағы уақытта жұқа мұз қатуы байқалған уақытта Жайық өзеніне тағы да басқа су айдындарына, кішкентай арықтарға бармауларыңызды, арғы бетке жұқа мұздың үстімен өтпеулеріңізді және балық аулауға шықпауыңызды ескертеміз.
Е.Б.Кенжеғали,
Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар бөлім инженері азаматтық қорғау лейтенанты
Мұздағы қауіпсіздік:
- Жалғыз адам мұздан өту үшін кемінде мұздың қалыңдығы 7 см-ден кем болмау керек, топ адаммен өту үшін кемінде мұздың қалындығы 12 см-ден кем болмау, әр адамның арақашықтығы 5-6 метрдей болуы, және тұман уақытта мүлдем шықпау керегін
- Түнгі уақытта ешқашан мұздан өтпеу керегін
- Мұздың қатты қатуы байқалғанмен, мұздың үстіне аяқпен басқанда мұздың жарылуын байқасаңыз, әрі қарай жүруді жалғастырмау керегін
- Балаларыңызды қараусыз қалдырмай бақылауда ұстап, мұздың үстінде ойнамауын қадағалап жұқа мұздың қанша қауіпті екенін есіне салу керегін
- Ешқашан ішімдік ішіп мұзға бармауларыңызды және де көлікпен мұздан өтуге әрекет жасамауларыңызды ескертеді. Сондай оқиғаға тап болған адамды көрсеңіз дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласып, өзіңіз алғаш көмек көрсетуге кірісіңіз.
Осы жоғарыда айтылғандарды ескеріп, өз қауіпсіздіктеріңізді және балалардың, кішкентай сәбилердің қауіпсіздігін сақтауды сұраймыз.
Пікір үстеу