8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Сәуір 2024 3509 0
Қоғам

Судья Бишімбаевтың қорғаушысына ескерту жасады

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.


Сот отырысы бастала сала, Бишімбаевтың қорғаушылары БАҚ пен әлеуметтік желіде қылмыстық істің материалдары жарияланып жатқанына шағымданып, соттан шара қолдануды сұрады. Бірақ мемлекеттік айыптаушы сот отырысы тікелей эфирде өтіп жатқанын, сондықтан бұл арыз негізсіз екенін айтты.

Тіпті, судья қорғаушыларға ескерту жасады. Олар сотты және процеске қатысушыларды адастырды деп танылды.

Тарқата кетсек, Бишімбаевтың қорғаушылары сот ісінен оқиға орнынан кейбір фотосуреттерді көрсету туралы өтініш жасаған болатын. Қорғаушы бұл фотоларды сотқа қатысушылардың барлығына көрсетті. Десе де, зардап шеккен тараптың адвокаты Бишімбаевтың адвокаттары сот процесінде қолданған фотосуреттер 2024 жылдың 28 наурызында түсірілгенін, оқиғаның өзі 2023 жылдың 9 қарашасында болғанына назар аударды.

«Сіз суреттерді қылмыс болған жерді тексеру актісінен алынғанын айтып, сотты және процестің басқа қатысушыларын адастырдыңыз. Іс жүзінде сіз басқа фотосуретті көрсеттіңіз. Сотты адастырғаныңыз үшін сот іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде тиісті шараларды қабылдайды», – деді судья Айжан Құлбаева.

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Мұнан соң Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»