СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ
Батыс Қазақстанда көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық басталды. Су тасқынын апатсыз өткізуге бағытталған кешенді шаралар әзірленген.

Батыс Қазақстан облысындағы «Казгидромет» филиалының ақпараты бойынша қардың биіктігі орташа көпжылдық көрсеткіштен 1,5-тен 3 есеге дейін көп. Тоңның қатуы орташа көрсеткіші 30-40 см. Бұл былтырғы жылғы мәннен 60 см. төмен.
Қардың көп түсуіне байланысты елдімекендерге мал азықтарын жеткізу және шағын елді мекендерге, мал қыстақтары мен мал азығы жинақталған орындарға көлік қатынасы мәселелері туындады. Үш аудан (Қазталов, Бөкейорда және Жәнібек аудандары) әкімдері жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.
БҚО ТЖД бастығы, генерал-майор Ж.Жұмашевтың айтуынша, аудандардың шұғыл шығындарға арналған резервінен ЖЖМ сатып алуға қаражат бөлінді. Облыс орталығынан жол техникасы (жүк тиегіш – 3 бірлік, 1 бірлік) жолданды. Қосымша мал азығын жеткізу РФ шекаралас аудандарынан және облыс орталығынан жүзеге асырылады. Бүгінгі күні жолдарды қыстауға дейін тазалау жұмыстары жалғасуда. Ауыл шаруашылығы жануарларының шығынына жол берілген жоқ.
Күзгі-қысқы кезеңдегі төтенше жағдайдың алдын алу жоспарына сәйкес, су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша бастапқы іс-шаралар өткізіледі. Бүгінге дейін шығарылған қар көлемі 500 мың текше метрден асты. Бұл жұмыс жалғасуда.
Су тасқынын апатсыз өткізуге бағытталған кешенді шаралар әзірленіп және жүзеге асырылуда.
Өңірдегі 58 гидротехникалық құрылыстардың ішінде 7-і жөндеуді қажет етеді. 2018 жылы Теректі ауданы Қараоба өзеніндегі гидротехникалық құрылысты күрделі жөндеу бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды. Коммуналдық меншіктің үш гидротехникалық құрылыстарын республикалық меншікке беру жұмыстары жүргізілуде.
2018 жылы облыстық бюджеттен Орал және Қара Өзен өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулеріне ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлінді.
Облыстық резервте қаптар (93 мың дана) мен ЖЖМ (63т) қоры құрылуда. Қап пен ЖЖМ сатып алу жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ, ғарыштық мониторинг жүргізу, авиациялық көлікті тарту және жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаражат көзделген. Облыстық сауда қызметімен 12 келісімшарт жасалды, бұл бағытта да жұмыс жалғасуда.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды

Кіру
Пікір үстеу