Су арналарын қайта құру жобалары бар
Қыркүйектің 20-сы күні «Атамекен» өнер орталығында VI Халықаралық « Uralsk Green Forum – 2024 » тақырыбында экологиялық форум өтті. Форумға облыс басшысы Нариман Төреғалиев, көптеген компания өкілдері және экология саласының басшылары қатысты.
Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңіріміздегі экологиялық мәселесіндегі өзекті тақырып жөнінде баяндады. – Бүгінде әлем бойынша экология мәселелері өзектілігін жоғалтқан емес. Жаһандық климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау, тұрмыстық қалдықтардан табиғатты қорғау және т.б мәселелер әрқашан жоғары деңгейдегі талқылауларды талап етеді. Мемлекет басшысы өз Жолдауында елдегі экологиялық ахуалды жақсарту алдымызда тұрған негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Осы бағытта облысымызда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Облыстың оңтүстік аудандарын сумен қамтамасыз ету нысандарын қайта қалпына келтіру және су арналарын қайта құру жобалары бар, – деді.
Бұдан соң аталмыш форумда сөйлеушілер энергияны үнемдеу, құрылыс қалдықтарын қайта өңдеу, экология және табиғи энергияны жұмсау туралы құнды пікірлерін ортаға салып, қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Гүлім Нұрқат
Бұл мақала туралы «Жайық үні» газетінің келесі санынан оқи аласыздар
Версия для печати