8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2019 1940 0
Қалалықтар қаперіне

СУҒА ТҮСУГЕ АРНАЛҒАН 69 ОРЫН БЕКІТІЛДІ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте БҚО ТЖД суға түсу маусымына дайындық жұмыстарының басталғанын хабарлады.

Былтыр Батыс Қазақстан облысындағы су айдындарында суға бату бойынша 15 төтенше жағдай тіркелген. Оның екеуі бала. Оқиғалардың басым бөлігі Орал қаласы мен Бәйтерек ауданы аумағында тіркелген. Атап айтқанда, 2018 жылдың тамыз айында Бәйтерек ауданы Трекин ауылдық округінің Желаев карьеріндегі ақылы жағажай аумағындағы суда жазатайым оқиға орын алды, нәтижесінде кәмелетке толмаған бала зардап шеккен болатын.

– Бұл – жағажай аумағының меншік иесі «Технопарк «Социум» ЖШС болатын. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-тармағы 5-тармақшасының негізінде облыс прокуратурасының тапсырмасымен департамент «Технопарк «Социум» ЖШС-на адам денсаулығына зиян келтіру фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу анықталды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді БҚО ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы, полковник Максим Хайрекенов.

Департамент мамандарының сөзінше, облыстағы су айдындарында жаппай демалуға арналған 69 орын бекітілген. Орал қаласы бойынша 5 орын бар. Бүгінде оларды жабдықтау және жауапты иелерін бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Білім беру ұйымдарында судағы қауіпсіздік  туралы интерактивті сабақтар ұйымдастырылып, ата-аналарға жадынамалар таратылуда. Сондай-ақ арнайы бейнеүзік дайындалады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
54 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
52 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
48 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
103 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
77 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»