8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қараша 2019 2205 0
Жалын

СТУДЕНТТЕРГЕ ЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

«Жастар керуені» жобасы аясында оралдық студенттерге «Ерлік сабағы» өткізілді.

Орал қаласы А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінде өткен шараға Орал қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие, идеологиялық бөлімшесі бастығы, майор Қуат Ахметқалиев мен «Jas Otan» жастар қанаты жобалар бойынша менеджері Арген Ғұбашев қатысты.  Әскерге аттанғалы отырған болашақ сарбаздар да кездесуге арнайы шақырылды.

Басқосуда департаменттің бөлімше басшысы Қуат Оразғалиұлы жер бетінде көптеген түрлі мамандықтардың ішінде әр ер азаматтың паразы болып саналатын Отан қорғау мамандығының артықшылығы туралы атап өтті. Ал болашақ сарбаздар өз ата-бабаларымыздың ерлік пен батырлық дәстүрлерінің мұрагері мен жалғастырушысы, елдің патриоты ретінде Отанның қорғаны болуды терең түсінетіндерін айтып, замандастарын да Қазақстан әскері қатарын толықтыруға шақырды.

Сондай-ақ студенттер әскерге қатысты сұрақтарын қойып, маманның тұшымды жауабын алды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
132 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
376 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»