8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Сәуір 2020 1086 0
Қоғам

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-ДӘРІСТЕР ЖАЛҒАСУДА

23 сәуір күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО департаменті М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті студенттеріне «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, парасаттылықты қалыптастыру» тақырыбында онлайн режимде дәріс оқыды.

Онлайн-дәрісті департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин жүргізді. Дәріске онлайн түрде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры Т.М.Дәрішова, «Саналы ұрпақ» жобасының жетекшісі Д.Ж.Танзенов шығып, университеттің 1,2 және 3 курс студенттері тыңдады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып қала бермек. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың тиімділігін, елдің инвестициялық тартымдылығын төмендететіні, әлеуметтік-экономикалық қарыштап дамуды тежейтіні баршаға мәлім.

Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктерін құру бағытымен мақсатты және кезең-кезеңмен жүріп келеді. Дәріс барысында Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин Департаментпен жүргізіліп жатырған алдын-алу шараларына, соның ішінде төтенше жағдайлар кезінде Агенттікпен жүзеге асырылып жатырған «AntikorLive» жобасына тоқталды.

«AntikorLive» жобасы аясында күн сайын сағат 11.00-де Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.І.Самет (дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері), «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының басшысы Ә.Ө.Салиева (сейсенбі күні) және Арнайы мониторингтік тобының басшысы В.С.Колпаков (бейсенбі күні) тікелей эфирде еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы ақпараттандырып, әлеуметтік желілері қолданушылардың сұрақтарына жауап беруде.

Студенттер үшін онлайн дәрістер өз жалғасын табатын болады.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»