СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ
Оралда «Kazkon» компаниясы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері үшін байқау жариялады. Байқау талаптарын орындап, үздік эссе жазғандар 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақшалай сыйға ие болады.

Қалалық мәслихат депутаты, «Kazkon» ЖШС директоры Марат Қаженов Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-мен ынтымақтастық аясында «Жетістікке жетудің алгаритмі» эссе-байқауын өткізбек. Эссе-байқау студенттердің заманға сай біліммен қарулануын және жастар арасында кітап оқуды дағдыға айналдыруды мақсат етеді. Өйткені бүгінгі қоғамның басты мәселесі – адамдардың кітап оқуға ықыластарының төмендігі. Конкурсқа қатысу үшін студенттер кітап оқып, соның біреуі бойынша эссе жазуы қажет. Содан кейін ғана байқау комиссиясы үздіктерін анықтап, жеңімпаздар ақшалай сыйлықпен марапатталмақ.
– Ең жақсы әдет – кітап оқу. Кітаптың қай тілде болуы да маңызды. Бүгінде ағылшын тілі алдыңғы қатарда. Бірақ, біз 30 кітаптың ішінен қазақ тіліндегі үш кітапты оқуды ұсынамыз. Конкурста болатын 30 кітаптың ішінде осы үшеуі міндетті түрде оқылуы тиіс әдебиеттердің қатарында. Бұлар – маркетинг, жобалық менеджмент, психология және мотивациялық әдебиеттер. Студенттерге өте пайдалы. Біз қаржыны жастардың дамуына, олардың бәсеке қабілетті болуы үшін қажетті білімді игеруіне жұмсасақ дейміз, – дейді Марат Қаженов.
Студенттерге кітап оқуға үш ай мерзім беріледі. Конкурс қорытындысы келер жылдың ақпан айында шығарылмақ. Үздік эссе авторы – 300 мың теңге, екінші орын иегері – 100 мың теңге алады. Үшінші орын алған екі студент 50 мың теңгеден иеленбек.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да өткізілетін дәл осындай байқауды алдағы уақытта М.Өтемісов атындағы БҚМУ базасында ұйымдастыру жоспарлануда.
Е.АСХАТҚЫЗЫ
http://www.wkau.kz/index.php/kz/news-and-events/2184-300-tysyach-za-esse
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана
Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады
Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев на днях дал эксклюзивное письменное интервью агентству Синьхуа
Теміржол саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Кіру
Пікір үстеу