СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ ӨСТІ
Президенттің тапсырмасы және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде еліміздегі жоғары оқу орындары студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының шәкіртақы көлемі осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап арта түсті.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, бакалавр бағдарламасы бойынша оқитындардың шәкіртақысы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға ұлғайтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бакалаврда оқитын студенттердің шәкіртақысы 26 186 теңгеден 31 423 теңгеге дейін артты. Педагогикалық бағыт бойынша оқитын ЖОО студенттері бұрын 42 000 теңге алса, енді 50 400 теңге алатын болады. Біз Президенттің тапсырмасын орындап, болашақ дәрігерлердің стипендиясын едәуір арттырдық. Олар 26 186 теңгенің орнына 50 400 теңге алатын болады. Өткен жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шәкіртақы 25%-ға ұлғайтылды. Шын мәнінде, соңғы екі жылда бакалавриатта оқитын студенттердің стипендиясы шамамен 2 есе артты», – деді Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Сонымен қатар магистранттар, докторанттар мен интерндердің де шәкіртақылары артты. Егер бұрын магистранттар 66 913 теңге алса, енді олардың ай сайынғы стипендиясы 76 950 теңгені құрайды. Докторанттар стипендиясы 150 000 теңгеден 172 500 теңгеге дейін, интерндерде – 47 431 теңгеден 59 289 теңгеге дейін өсті.
Айта кетейік, биыл мұндай қолдау шаралары «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы шеңберінде жүзеге асырылып жатыр.
«Өзгерістер мен толықтырулар Үкімет қаулысымен жоғары оқу орындарының білім алушыларына мемлекеттік стипендияларды төлеу, олардың мөлшері және тағайындау Ережесіне енгізілді»,-делінген ҚР БҒМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу