8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Ақпан 2020 1834 0
Қоғам

СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСКЕ 77 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ М.МӘМЕТОВА МУЗЕЙІНДЕ ЕРЛІК ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі басты шайқастардың бірі Сталинград шайқасындағы Жеңіске биыл – 77 жыл.  200 күнге созылған кескілескен ұрыста Кеңес әскерлері батылдық танытты. Еділ жағалауындағы осы шайқасқа қатысқан батырларды ұлықтау мақсатында М.Мәметова атындағы мемориалдық музейде ерлік сабағы ұйымдастырылып, Сталинград шайқасында болған жерлестеріміздің құжаттары қойылған көрме ашылды. Тағылымды шараға майдангерлер мен еңбек ардагерлері арнайы шақырылды.

Ардагерлердің екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларының қаһармандық ерліктері туралы әңгімелерін осы шараға қатысқан Әскери-техникалық мектептің ұландары тебіреніспен тыңдады. Ұлы Отан соғысы ардагері Хамза Сафин Оралда құрылған 152-ші атқыштар бригадасының даңқты жолы туралы сөз қозғаса, майдангер Вениамин Сколенко Кеңес әскерлері достықтың, ұйымшылдықтың арқасында жеңіске қол жеткізгенін атады. Жауынгерлермен қатар майданға үлес қосқан тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетуге шақырды. Ал Григорий Шишонков соғысқа түскен жылдарын еске алды. Бүгінде облыста Сталинград шайқасына қатысқан 11 жерлесіміз бар. Солардың бірі ретінде 62-әскер құрамында Сталинградты қорғауға қатысқан А.Митрохина, соғыс басталған жылдардан бастап Жеңіске жеткен күнге дейін майдан жолын өткерген Иван Гапичтің есімдерін атап өтуіміз керек.

– Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған барлық әскери құрамалар мен бөлімдердің үштен біріне жуығы қатысты.  Осы шайқас кезінде Батыс Қазақстан өңірі майдан тылы болды. Эшелондар жасақталып, Оралдан Сталинградқа қару, оқ-дәрілер, дәрі-дәрмектер жөнелтілді. Бүгінде Сталинград шайқасына қатысып, Кеңес Одағы батыры атанған жерлестеріміздің есімдерін мақтанышпен айтамыз. Олар – Н.Чуриков, А.Құсайынов. Батысқазақстандықтар осы ұрыста қаза тапқан отандастарымызды зор құрметпен еске алып, ерліктеріне тағзым етеді, – дейді М.Мәметова музейінің директоры Светлана Бектенова.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
62 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
115 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
90 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»