8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Шілде 2019 2024 0
Спорт

СПОРТ АЛАҢДАРЫН ЖАҢАРТУ БАСТАЛДЫ

Орал қаласында спорт алаңдарын жаңарту жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарын «Алтын ел» жеке кәсіпкерлігі жүргізуде. Ағымдағы жөндеу 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.

Соңғы он жыл ішінде қалада 50 шақты спорт алаңы салынды. Әйткенмен, олардың барлығы дерлік қайтадан жаңартуды қажет етіп отыр. Маусым айында «Орал» спорт клубы тарапынан құрылған комиссияның спорт алаңдарының жай-күйін тексеру мақсатындағы рейдтік жұмыстарының нәтижесінде осындай қорытынды шығарылды. Биыл аталмыш спорт клубының теңгеріміндегі алаңдардың 31-іне жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданған. Оған қалалық бюджеттен 20 млн. теңге бағытталып отыр.

–   Қоршаулары сынып, баскетбол қалқандары да бүлінген.  Ұзақ уақыт қолданыста болғаннан кейін бірқатарының жасанды жабындары да ескірген. 10 алаңның жабынын ауыстыру қажет. Қаржыға байланысты биыл жетеуінің ғана төсемін жаңартуға мүмкіндігіміз бар, – дейді спорт клбуының директоры Есқабыл Жалмұрзиев.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
65 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
117 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
92 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»