СОVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫМЕН КҮРЕСКЕ ТАРТЫЛҒАН БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТӨЛЕМ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бұл туралы бүгін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы хабарлады.

Коронавирустық инфекцияның аймақта таралуын болдырмау мақсатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы COVID-19 инфекциясының таралуының алдын алу және коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша қызметтер көрсетуге және коронавирусты таратуды болдырмау және коронавирусы бар науқастарды емдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру кезінде ерекше еңбек жағдайлары үшін 2 денсаулық сақтау субъектісімен 674 947,6 мың теңге сомасына шарт жасасқан. Оның ішінде жедел жәрдем станциясымен 57 800 мың теңге сомасында шарт жасалды.
«2020 жылдың 10 сәуіріндегі жағдайға сай КВИ бойынша 202 484,3 мың теңге сомасында облыстағы 2 денсаулық сақтау субъектісіне алдын ала төлемдер жүргізілген. Атап айтсақ, БҚО әкімдігінің «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ МКК және БҚО әкімдігінің «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Нұржамал Шамғонқызы Жұмағұлова атап өткендей, Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі №28/2020 «COVID-19 короновирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, үстеме ай сайын COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қызметкерлердің тікелей қатысуы үшін нақты жұмыс істеген кезең үшін тәуекел топтары бойынша және мөлшерде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлерге үстемеақы сомаларын төлеуі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 138 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу» қағидаларына сәйкес жүргіліледі. Медициналық ұйымдар COVID-19 инфекциясымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне төлем жасады.
Бұған дейін хабарланғандай, медицина қызметкерлеріне жұмыс қауптілігіне қарай үш тобы бойынша төлемдер 3 ай ішінде жүргізіледі:
- «Өте жоғары қауіп» – жұқпалы аурулар ауруханаларындағы дәрігерлер, орта медициналық персонал және орта медициналық көмек, оның ішінде реанимация бөлімшелері – барлығы 3 284 маман. Осы тәуекел тобындағы сыйақының мөлшері ең төменгі жалақының 20 құрайды (850 мың теңге). Жалақыны есептегенде, олар айына 1 миллион теңгеден асады.
- «Тәуекелдің жоғары деңгейі» – провизорлық стационарлардың дәрігерлері мен жедел жәрдемнің дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері – барлығы 11 951 маман. Осы тәуекел тобындағы сыйақының мөлшері ең төменгі жалақының 10 (425 мың теңге) құрайды. Жалақыны есептегенде, олар айына шамамен 600 мың теңге алады.
- «Орташа қауіп» – карантиндік ауруханалардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және басқалары – барлығы 10 993 маман. Осы тәуекел тобындағы сыйақының мөлшері 5 ең төменгі жалақыдан тұрады (212,5 мың теңге). Жалақыны есептегенде, олар айына шамамен 380 мың теңге алады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жағдайды үнемі жан-жақты талдау жасап отырады. Медициналық ұйымдарды – қордың жеткізушілерін қаржыландыру еш тоқтатылмайды және де тиісті кесте бойынша жүргізіледі. Қала тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөміріне немесе Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасына хабарласу арқылы бере алады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу