СОТТАЛУШЫНЫҢ ӨЗІ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫНА ДЕЙІН ҚАЙТЫС БОЛДЫ
3 адамды тірілей өртеп жіберген 1973 жылғы Айдархан Меңдіғариннің қылмыстық ісі тоқтатылды. Өйткені ол шизофрения ауруына шалдыққан. Бүгін бұл туралы БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов мәлімдеді.
Щ
Істің мән-жайына келсек, 2018 жылдың қаңтар айында А.Меңдіғарин Ақжайық ауданында У. Қадыралиевамен танысып, екеуі жылдың соңына дейін бірге тұрған. Кейіннен мінездері жараспай У.Қадыралиева Теректі ауданындағы Федоровка ауылына кетіп қалған. 2018 жылы 21 желтоқсанда А. Меңдіғарин У.Қадыралиеваның жергілікті тұрғын А.Жұмағалиевпен тұрып жатқанын және олардың Межколхозная көшесіндегі И.Горочкинаның мекенжайында болатынын біліп, әлгі үйге 22.30 шамасында баса-көктеп кіріп барған. Ол жиналмалы пышағымен У. Қадыралиеваның бетінен бір мәрте соғып, жарақаттап, бет-әлпетін қалпына келмейтіндей етіп бұзған.
Содан соң, аса қатыгездікпен адам өлтіру мақсатында «Осы жерде ешкім тірі қалмау керек» деп, ас бөлмедегі газ плитасының төрт шүмегін ашып, қорқыту арқылы У.Қадыралиеваға жабысқақ лентамен А.Жұмағалиев, А.Семенченко, И.Горочкиналардың аузы мен қолын байлатып, үшеуін газ плитаның жанына жатқызған. Әрі қарай У. Қадыралиеваға тез жанатын мата, жапқыш, көрпе, күртелерді жинатып, үстіне лақтыртып, өзі оттықпен газ плитаның үстіне лақтырылған матаның шетін өртеген. Одан әрі Меңдіғарин қасындағы Қадыралиеваның екі қолын күшпен артына қайырып, жіппен байлап, үшеуінің үстіне итеріп, құлатып, өзі оқиға орнынан бой тасалаған. У. Қадыралиева тірі қалу үшін бар күшін жинап, өрт ошағынан қашып шығып, адамдарды көмекке шақырған.
Судья Бақыт Ермахановтың айтуынша, аталмыш іс бойынша сот талқылауы 2020 жылдың 13 ақпан күні өтуі тиіс болған. 9 ақпан күні сағат 12.00.де А.Меңдіғариннің облыстық психикалық денсаулық орталығында қайтыс болғаны анықталды. Қылмысқа жауапты 1973 жылғы Меңдіғариннің ісі аса қауіпті қылмыс болып саналған еді.
Версия для печати
Пікір үстеу