8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Сәуір 2021 1705 0
Өзек

СОТТАЛҒАНДАРДАН 8 ПЫШАҚ ПЕН 17 ТЕЛЕФОН ТӘРКІЛЕНДІ

БҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің РУ-170/3 мекемесінде тергеу изоляторларында қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында жоспарлы іздестіру жұмыстары жүргізілді. 

Қауіпсіздігі жоғары мекемеде қадағалаушы прокурордың қатысуымен жоспарлы тінту жүргізілді, тінтуді Ұлттық ұлан мен мекеменің жеке құрамы жүргізді. ҚАЖД бастығының орынбасары – әділет полковнигі Нияз Рыспаев осы іс-шараның заңдылығын және сотталушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында барлық жасалған іс-әрекеттерді бейнежазба арқылы қамтамасыз етілгенін атап өтті.

– Сотталғандардың конституциялық құқықтарын бұзу, олардың жеке заттарына және мүліктеріне зиян келтіру фактілерін болдырмау мақсатында барлық іздестіру шаралары бейнежазбаға түсірілді. Тінту барысында 17 мобильді байланыс құралы, 17 зарядтағыш, 12 сим-карта, 3 флеш-карта және 8 тесу және кесу заттары (қайрау, пышақ және т.б.) табылды. Бұл заттардың  қолданылуы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Тыйым салынған заттардың көп бөлігі LORNET және «Шмель- B2» арнайы жабдықтарының арқасында алынды. Бұдан бөлек  сотталушыларға тыйым салынған заттардың ену каналдарын бұғаттау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жүргізілуде. Заттарды мекеменің негізгі қоршауынан өткізу фактілері, сондай-ақ оларды жасырын жеткізу фактілері кездеседі. Мәселен, бір ай бұрын жеке кәсіпкерліктің  жүргізушісі 8 ұялы телефонды мекемеге жасырын түрде кіргізбек болды, – деді Нияз Рыспаев.

Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі жедел-іздестіру шараларынан кейін сотталушылардан мекеме әкімшілігі қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы шағым түспегенін хабарлады.

zhaikuni.kz

 
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»