8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Тамыз 2019 1477 0
Өзек

СОТ ҮКІМІ: 33 ЖАСАР АЗАМАТ 10 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

    БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттында 33 жасар Иван Жердецкийге қатысты үкім шықты.

    Биылғы жылдың сәуір айында Гагарина көшесі бойындағы иесіз үйлердің бірінде  сотталушы Жердецкий достары Уәлиев және Гончарукпен бірге бір бөтелкені бөліседі. Басқосу соңы  жанжалға ұласып, Уәлиев пен Жердецкий жұдырықтасады. Артынша айыпталушы Жердецкидің ауыр соққысынан жәбірленуші Уәлиев оқиға орнында жан тапсырған. Гончарук полицияға қоңырау шалып, қылмыстың куәгері атанады. Сот қылмыскер Жердецкийді айыпты деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Судья Ермахановтың айтуынша, жазықты жазасын 10 жыл қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады.

– Иван Петрович Жердецкий ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Ол жазасын қауіпсіздік барынша жоғары Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады. Сонымен қатар күдіктіге алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Уәлиев жәбірленуші тарапқа 1 млн. теңге моральдық өтемақы төлейтін болады,– деді.

 

Айнұр Төлеуғалиқызы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
57 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
55 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
51 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
106 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
80 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»