8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Мамыр 2021 1599 0
Қоғам

СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Ұлы Жеңіс мерекесінде Жалпақтал мешітінің бас имамы, дінтанушы-теолог Тлепберген  қажы  Нұралиев Ұлы Отан  соғысының  ардагері Жұбат Сарсенбиевтың отбасына барып, Жеңіс  мерекесімен  құттықтап,  арнайы  сыйлық  табыстады,  деп хабарлады Жалпақтал мешітінің  баспасөз хатшысы Жамбыл Жұмарыстанұлы. 

Майдангер  ардагер ағамыз Сарсенбиев  Жұбат Сақыпұлы  бүгінде  98 жаста, осы  жүздесудің  өскелең ұрпаққа  берері мол. Өйткені, соғыс ардагерлері майдандас жолдастарын еске алып, қанды қырғындағы бастан кешкендерін әңгімеледі.

Соғыс жылдары қаһарлы, қатал қаншама айлар бойы  қаһармандықпен  соғысқан  миллиондаған  адамдардың  қатарында қан майданда Жұбат  ағамыз да ерлікпен шайқасты. Растов на  Дону, Орел, Курск, Курсатск қалалары мен селоларын  жау  қолынан  тазартуға  көмектесіп,  азат  еруге қатысты.

Майдангер бас  имамның көрсеткен ризашылығын  білдіріп,  еліміздің,  жеріміздің  амандығын тілеп, батасын  берді.

Кездесу  соңында  Жалпақтал мешітінің бас имамы Нұралиев  Тлепберген  қажы  Ахмеджанұлы   Ұлы Отан  соғысында  қаза  болғандардың  рухына  арнап  дұға  бағыштады.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
67 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
361 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
381 0
Құттықтаймыз!
Медицина қызметкерлері марапатталды
23 Қазан 2026
358 0
Өңір жаңалықтары
Қабыршақтыда жаңа мәдениет ошағы ашылды
22 Қазан 2026
399 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»