8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Шілде 2019 1811 0
Қоғам

СОҒЫМ СҰРАЙТЫН БАСШЫЛАР БАР

Инвесторлар мен кәсіпкерлік субьектілерін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру кезіндегі жемқорлық тәуекелдерінен қорғау, инвестициялық климаттың қолайлылығы және осы салаға қатысты өзекті сұрақтар өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасында өткен жиында талқыланды.

Қазақстан қазіргі уақытта жемқорлықсыз таза заманауи мемлекет құруда. Осы бағытта жоғары деңгейдегі заң үстемдігін қамтамасыз ету, ашық, транспарентті, қоғам алдында есеп беретін мемлекет құру, халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы  құқықтық санасын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениет қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынды. Қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру, кәсіпкерлер үшін жемқорлық кедергілерін тоқтату мақсатымен «Protecting business and investments» жобасы қолға алынған болатын. Жобаның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге жүгінген кәсіпкерлер мен инвесторларға қызметін жүзеге асыруда әкімшілік кедергілерді және жемқорлықты жою. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҚО департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу мақсатында отандық және шетелдік инвесторлармен 15 келісім жасалған.

– Қазір жобалық кеңсенің кеңес беру-ұйымдастыру қызметінің арқасында инвестициялық-кәсіпкерлік қызметке байланысты мәселелер инвесторларды қолдау мақсатымен заң аясында жедел түрде шешіледі. Әрі бұл қолдау тегін көрсетіледі. Инвесторға қойылатын басты талап – 100  пайыз жемқорлық құрамы бар инвестициялық жобалардан бас тарту, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік. Жобалық кеңседе инвестициялық жауапты қызметкерлер бекітілді. Олар әр бизнес жобаға бекітулі. Кәсіпкерлерге қатысты туындаған мәселелердің шешілуі және әрі қарай бизнесінің жүруі толық сүймеледенетін болады. Бүгінге дейін өңірлік жобалық кеңсеге 16 кәсіпкерден шағым түсті. Олардың жетеуі бойынша оң бағытта шешім қабылданды. Қазіргі уақытта 846 млрд. теңге болатын 15 инвестициялық жоба сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелденуде, – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БҚО департаментінің басшысы Рустам Сапарбекұлы.

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Адалдық алаңы» жобасы қолға алынған болатын. Осы жоба аясында өткен жылы «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысын бастады.  Жобаның басты миссиясы – халықтың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру, жемқорлық деңгейін төмендету. Кеңсе басшысы Әлия Сәлиева жобалық кеңсенің жұмысын таныстыра келе билік өкілдері тарапынан кәсіпкерлерді әуреге салу әлі де бар екенін жеткізді.

– Күні кеше ғана облыстың оңтүстік аудандарында болып, кәсіпкерлермен жүздестік. Айтуларынша, мемлекеттік орган өкілдері кәсіпкерлерден ауылға келген құрметті меймандарға ас-су ұсыну, қонақ үйлерге орналасу, жұмыстан кейінгі демалысты ұйымдастыру бойынша өтініш жасайды екен. Мұндай жағдай облыс орталығында да бар деп ойлаймын. Бас қаладан қонақтар немесе тексерушілер келсе, мемлекеттік орган өкілдері жергілікті кәсіпкерлерге олардың тұру орындарын төлеп беру, тамақтануды ұйымдастыру сынды бұйымтаймен жүгініп жатады. Әрине кәсіпкерлер ауқымды шараларды ұйымдастыруға көмектескені жөн шығар. Дегенмен, дәл мұндай жағдайда емес. Өйткені жұмыс сапарымен келгендіктен, оларға жол сапар ақысы төленетіні белгілі. Сырым ауданында болғанымызда, полицейлер бір топ адамды кафеде қонақ қылғанын көрдік. Сол жердің кәсіпкерлері де оларға жеңілдік жасады. Кәсіпкерлер соғым сұрайтын басшылар да бар екенін айтты.  Бұл бизнеске жүктеме, – деген Әлия Өтемісқызы қандай да бір жағдайларға куә болған жағдайда аты-жөнін атамай-ақ «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне хабарласуға болатынын жеткізді.

Сондай-ақ Әлия Өтемісқызы «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өңірлік филиалы шағын және орта кәсіпкерлерден гөрі ірі кәсіпкерлікпен айналысушыларды қорғау, оларға қолдау көрсетуді назарда ұстайтынын айтып, ауылдық аймақтарда шағын бизнес бастауға ниетті жандардың көп екенін, алайда олар мемлекеттік қолдау шараларынан бейхабар отырғанын алға тартты. Десек те, бұған БҚО «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы келіспейді. Өңірлік палата директорының орынбасары Нұржан Мақсотов атап өткендей, палатаның көмегіне жүгінетіндердің басым бөлігі – шағын және орта кәсіп өкілдері. Ал ірі кәсіпорын жетекшілерінің өтініш білдіруі сирек.

– Біз кәсіпкерлерді бөлмейміз. Түскен өтініштер сараланып, қажеттілігі бойынша мемлекеттік немесе құқық қорғау органдарына жолданады. Биылғы жылдың алғашқы жартысында бізге 120 өтініш түскен болса, соның 95 пайызы шағын және орта бизнес өкілдерінен. Ірі кәсіпорындарда өз заңгерлері мен экономист-есепшілері болғандықтан, кәсіпкерлер палатасына жүгінулері сирек. Жыл өткен сайын өтініштердің сипаттық құрылымы өзгеріп келеді. Бұрын бизнесті жүргізуге кедергі келтіру, тексерулердің жүргізілуіне қатысты шағымдар келетін. Қазір кәсіпкерлерден бизнесті дамыту, экспорт пен импортқа қатысты кеңес сұрау түріндегі өтініштер көбірек түседі. Орталық аппараттың бастамасымен «Кәсіпкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» хартиясы қабылданған болатын. Осыған сәйкес тиісті жұмыстар атқарылды. Барлық ұсыныстар мен шағымдар құзырлы және мемлекеттік органдармен зерттеледі. Қазір кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыстар белсенді жүргізілуде, – дейді Нұржан Мақсотов.

«Стройкомбинат» ЖШС Бақытжан Нұрбаев қалада көпқабатты тұрғын үй салып, оны сатуда жемқорлық жағдайлары бар екенін атады. Архитектуралық талаптар ескерілмейтіні өз алдына үйлер салуға болмайтын орындарда бой көтерілуде. Мәселен, Орал қаласындағы Николой соборының тұсынан салынған жеті қабатты үй осыған нақ дәлел болады. Сауда үйлеріне тым жақын орналасқан жаңа құрылыстар, қос үйдің ортасында санитарлық жыра үшін аралық орынның сақталмауы сынды назар аударарлық жайттар тағы бар. Сонымен қатар кәсіпкерлер республикалық органдардың әрекетінен жапа шегуде. Нақтырақ айтқанда, кәсіпорындарда өзінің апаттық-құтқару қызметі болмағандықтан, заң бойынша осы қызметті көрсететін мекемемен келісімшарт жасауы тиіс. Келісімшартта көрсетілгендей, кәсіпкерлік иелері олардың қызметтеріне әр жыл сайын 1,6 млн. теңге төлейді. Бұл ақы үшін олар жылына төрт мәрте келіп, жаттығу өткізумен ғана шектеледі екен. Дегенмен, қандай да бір апат бола қалса, қосымша ақы төлеулері керек.

Жиын соңында қатысушылар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арқылы кәсіпкерлердің өтініш-шағымына сәйкес жоғарғы органға ұсыныс беру туралы шешім қабылдады.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
73 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
144 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
374 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
857 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1235 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1140 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2210 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2374 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2382 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2433 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2437 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2055 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2917 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2971 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2965 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3578 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3546 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3537 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3513 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3673 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»