СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ
Бүгін, 25 мамыр күні Орал қаласындағы мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Білім ұяларында мектеп түлектері үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып, салтанатты шара ұйымдастырылды. Қаладағы №42 «Ақ ниет» гимназиясының, №16 орта мектеп ұстаздары мен оқушыларын облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге сәт сапар тіледі.
Биыл қала мектептері арасындағы үздік орта білім беру ұйымы атанған №42 «Ақ ниет» гимназиясы 16-шы түлектерін ұшыруда.
– Сіздер, ХХІ ғасырдың ұрпағысыздар, миллениумда дүниеге келдіңіздер. Биыл ерекше жылы – Ел тәулесіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс орта мектепті тәмамдап, жаңа жолдарыңызды бастап жатырсыздар. Осы бастамаларыңызда сәттілік серік болып Тәуелсіз Қазақстанымызды бұдан әрі де биік белестерге жеткізетін азамат-азаматша болады деп сенеміз. Бүгінгі күні облысымыз бойынша 6000-ға жуық түлек мектептерінен шығып жатыр. Өзіне айқын мақсат қойып, өмірлік жолын дұрыс таңдай білген жастар өз кірпіштерін берік қалайды. Мектеп өмірінде жеткен жетістіктеріңіз аз емес, алдағы уақытта республикалық, халықаралық деңгейде сіздерді көреміз деп сенеміз, – деді Мұхтар Наурызбайұлы.
Білім ұясының басшысы Ерік Жылқыбайұлының мәліметінше, түлеп ұшар 83 ақниеттік түлектің сегізі – «Алтын белгі» төсбегілісіне, үшеуі – «Ерекше аттестатқа» үмітті. Оқу жылын сәтті аяқтағанын атап өткен гимназия басшысы әр түлек ұстаздардың жүрегінде ұзақ сақталатынын атап өтті.
– Тарыдай болып кірген шәкірттеріміз 11 жыл бойы білім нәрімен сусындап, рухани азық жиып үлкен өмірге сапар шекпек. Бүгінгі түлектерімнің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен гимназия тарихында қалып отыр. Қалалық, облыстық, республикалық олимпиада, ғылыми жобалар байқауларында жетістікке жетіп жүрген оқушыларымыз өте көп. Мектеп өмірінде айрықша жетістікке жетіп, өз бағыттарын айқындаған бұл шәкірттерімнің болашағынан зор үміт күтемін, – дейді мектеп директоры.
Биыл аталмыш гимназияда 2332 оқушы оқыды. Білім сапасы 70 пайыз, мұғалімдердің сапалық құрамы – 65 пайыз.
****
Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев өзі осыдан 20 жыл бұрын түлеп ұшқан №16 орта мектептегі салтанатты шараға арнайы қатысты. Ұстаздар мен ата-аналарды, оқушыларды соңғы қоңырау салтанатымен құттықтады.
Биылғы оқу жылында білім ұясында 1037 оқушы білім алды. Олардың 24-і –түлектер. Бұл аталмыш мектептің 54-ші түлектері. Түлектердің төртеуі – «Алтын белгіге», біреуі – «ерекше аттестатқа» үміткер. Мектеп басшысы Мария Кабакованың сөзінше, білім сапасы өткен жылғыдан 7 пайызға жоғарылаған.
Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылында қаламыздағы мектептердің 1-11 сыныптарында 52695 оқушы білім алды. 2285 түлек алтын ұяларымен қоштаспақ. Олардың 111 – і «Алтын белгіге», 45-і «Ерекше аттестатқа» үміткер.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі

Кіру


Пікір үстеу