СКРИПКАШЫЛАР КӨРЕРМЕНДІ ТӘНТІ ЕТТІ
Адам жанының дауасы – музыка. Әуелеп шырқалған әуен бойыңа дарып, жаныңды тыныштандырып, өзге ғажайып әлемге алып кетердей күй кешесің. Жарық, көрермен, жүрек қылын қозғаған сазды скрипка үні.
Ақжайық өнерпаздар ордасы екені даусыз. Соның дәлелі көктемнің шуақты күні Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театр сахнасында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Жастар мәдениет сарайының» ұйымдастырылуымен және Надежда Нұрпейісованың жетекшілігімен «Струны души» скрипка ансамблінің концерттік есеп беру кеші өтті.
Өз шымылдығын қазақтың ұлттық әндерімен ашқан шарада халық арасына кең танымал әлемдік әуендер мен фильмдер саунтректері заманауи аспапта скрипканың сүйемелдеуімен орындалып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
- Биыл скрипкашылар ансамблінің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Осы уақытқа дейін репературамызда отандық, шетелдік 50-ден астам шығармалар бар. Ансамбль 2018 жылы Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен III «Kazan – Music Йорт» байқауының бірінші орын иегері атанды. 2001 жылы 28 маусымда қала әкімдігінің қолдауымен және қалалық мәслихаттың шешімі бойынша скрипкашылар ансамблі қалалық мәдениет бөлімінің бұйрығымен құрылған болатын. Тыңдармандарымыз тек шаһар тұрғындарымен шектеймей Ақтөбе, Павлодар, Орынбор, Ресей Федерациясында да бар. Алдағы уақытта ансамбліміз үлкен концерт берумен тоқтап қалмай, республикамызға, шет елдерге, Ресей Федерациясына арнайы бағдарламамен баруды жоспарлап отыр, – дейді қалалық Жастар мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Бұлбұл Ғайноллақызы.
Надежда Нұрпейісова, скрипкашылар ансамблінің жетекшісі:
- Ансамбліміздің алғашқы жетекшісі Еңбек ардагері Попова Нина Ивановна болатын. Нина апай осы шарада өнер көрсеткен Д.Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебінің жетекшісі. Қазіргі уақытта біздің топ мүшелерінің барлығы осы кісіден сабақ алып жүр. Өзім 2017 жылдан бастап ансамблге жетекшілік етемін. Біздің репертурамызда кез-келген жастағы жандарға ұнайтын әуендер бар. Себебі, біз қазақ халқының ұлттық әндері мен қатар жасөспірімдерге қызықты аниме, фильмдерін орындаймыз. Сонымен қатар, бүгінгі кештің қонақтары өз істерінің қас шеберлері – Халықаралық байқалардың лауреаты Тарас Жауымбаев, Жасұлан Зинеденов, Жасқайрат Махсотов, Тұрлыхан Абуханов, Евгений Курдюков, Асхат Ғабдуқулов, Марат Сарбөпеев өнер көрсетті.Бізге ансамбль мүшелері ортаңғы және жоғарғы оқу орындарын бітірген және де олардың көбінің тәжірбиесі 25 жылдан да көп. Басты қолдаушыларымыз – көрермен.
Гүлбибі БАҚЫТБАЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу