ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР КӨПІРДЕН СЕКІРГЕН ӘЙЕЛДІ ҚҰТҚАРДЫ
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөлімінің қызметкері өзіне қол жұмсамақ оймен көпірден суға секірген әйелді құтқарды. Оқиға бүгін, 26 қазан күні сағат 11.30 шамасында болған.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері Ерболат Сұлтаовтың мәліметінше, аға сержант Асқар Нұрғалиев кезекті кезекшілік ауысымынан үйіне қайтар жолда көпірден Шаған өзеніне секірген әйел адамды байқаған. Дереу көлігін тоқтатып, көмек шақырып, өзі әйелді құтқармақ мақсатта өзенге секірген. Ұлан әскерінің жедел әрі оңтайлы жасаған әрекетінің нәтижесінде әйел жағаға шығарылды. Осы кезде жағалауға жәдел жәрдем мен полиция қызметкері де жеткен.
Әйел адам 32 жаста. Ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Асқардың өзі бұл әрекетін ерлік санамайды. Айтуынша, оның орнында болған кез келген адам осындай әрекет жасары анық. «Адамға көмектесу – абыройлы іс» деп санайтын Асқар Нұрғалиев Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының тумасы екен. 2015 жылдан бері Ұлттық ұлан сапында әскери қызметте. Баспасөз қызметі хабарлағандай, адам өмірін құтқаруда көрсеткен батылдығы мен кәсібилігі үшін аға сержант Асқар Нұрғалиев ҚР Ұлттық ұланы Батыс өңірлік қолбасшысының көтермелеуіне ұсынылған.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу