8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Маусым 2021 2061 0
Жалын

ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫ ТӘМАМДАҒАН 90 КУРСАНТ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Әскери кафедрасында» кезекті оқу курсын аяқтаған студенттердің «Әскери ант қабылдау» рәсімі өткізілді. 


Жалпы биыл «Әскери кафедраны» 169 студент бітіруде. Соның алғашқы легі 90 курсант бүгін «Әскери ант» қабылдады.

– Пандемияға байланысты «Ант қабылдау» шарасын екі кезеңмен өткізудеміз. Әскери кафедрада оқығандар үш мамандық – артиллерия, байланыс, мотоатқыштар мамандықтарын алып шығады. Курсанттардың қатарында ер жігіттермен қатар қыздар да бар. Олар ветринариялық медицина мамандығында білім алғандар. Олар болашақта шекарада жұмыс істей алады. Кафедрада оқыған студент-курсанттарымыз болашақта негізгі мамандықтарымен жұмыс жасамайтын болса, құқық қорғау құрылымдарына қызметке тұра алады, – дейді университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов.

Әскери кафедра өңірде – Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да ғана. Кафедрада білім беру, дайындық жүргізу  үшін барлық жағдай жасалған.  Әскери кафедраны бітірушілер «запастағы лейтенант» атағын алып шығады. Әскери кафедраға БҚАТУ білім алушылары 1-курстан кейін қабылданады. Оқу мерзімі – екі жыл. Оқу соңында курсанттарға әскери билет беріледі.

Осы оқу жылынан бастап «Әскери кафедра» офицерлерді ғана емес, сержанттарды да даярлайтын болады. Яғни офицерлер – екі жыл, сержанттар – бір жыл оқитын болады. Сержанттар даярлайтын курсты тәмамдағандарға «запастағы кіші сержант» атағы беріледі. Бұл курстарға студенттер қабылдау басталып кетті. Биыл оқуға 307 студент қабылданады. Соның ішінде 169-ы – офицерлік курсқа, 141-і – сержанттық курсқа. Олар мемлекеттік грант есебінен және ақылы негізде оқитын болады.

Офицерлер алты мамандық бойынша, сержанттар жеті мамандық бойынша дайындалады.
Студенттерді «Әскери кафедраға» қабылдау барысында медициналық тексерістен, психологиялық тестілеуден, физикалық дайындық сынағынан өтеді.

«Әскери кафедра» курсанттарына әскери салада 10 жылдан кем емес уақыт қызмет еткен офицерлер білім береді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
44 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
45 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
42 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
96 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
72 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»