8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Ақпан 2024 3926 0
Қоғам

Әскери антына адал жандарға тағзым жасады

Бүгін, ақпанның 15-і күні, «Жеңіс» алаңында Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай, қан төгіс кезінде қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым жасады.

Жиынға қатысқандар боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Салтанатты жиында сөз сөйлегендер БҚО бойынша «Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Асылан Тапишев, БҚО бойынша Ауған соғысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Анатолий Боровский әскери борышын өтеу кезінде қаза тапқан жерлестеріміздің ерліктері өлшеусіз екенін айтып, олардың ерліктері мәңгі жадымызда сақталады,-деді.

Бұдан соң республикалық Махамбет оқуларының гран-при иегері Төребек Ниғметов ақын Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» өлеңін жатқа айтты.

Одан әрі БҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Жақсылық Жүсіпқали мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген және басқа да шараға қатысушылар жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, естелікке суретке түсті.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
114 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
366 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»