8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2019 3386 0
Өзек

Сириядан оралған әйел: «ҚАҚТЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ БЕС ЖЫЛ»

«Жусан-2» операциясының арқасында қос құлыншағымен Сириядан елге келген Динара Ескендірова қасиетті жұмада Тәжиден Батырұлы мешітіне келді. Ол Шам елінде ешқандай да халифаттың жоқ екенін айтып, ел азаматтарын адасудан сақтануға шақырды.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Жусан» гуманитарлық операциясымен оқ пен оттың ортасынан 524 жерлесіміз елге оралды. Оның 30-ы – ерлер, 137-сі – әйелдер, 357-сі – кәмелетке толмағандар, соның ішінде 27-сі – жетім балалар. Қақтығыс аймағынан шығарылған 24 әйел, 66 бала –батысқазақстандық. Қалалық мешіттің бас имамы Мейрамбек Әбдрахманов атап өткендей, деструктивтік ағымдардың ықпалына беріліп, елімізден теріс айналып, өз еріктерімен сыртқа кеткен отандастарымызға мемлекетіміз қолдау көрсетті, оларды далаға тастаған жоқ. Бір емес, үш мәрте табысты ұйымдастырылған операция жат жерде жүрген қандастарымыздың үміттерін оятып, туған-туыстарымен қауышуына, туған жердің топырағын сүю бақытына жеткізді.

23 жасында Сирияға барған Динара бес жылын оқ пен оттың ортасында өткізген. Осы уақытта екі мәрте күйеуге шығып, екі бала дүниеге әкеліпті. Көз жасына ерік берген келіншек діни сауатсыздығының салдарынан осы шырғалаңға тап болғанын айтып берді.

–   2011 жылдан исламға қызығушылықпен әр түрлі ақпарат көздерінен мәліметтер жинай бастадым. Шексіз соқыр ұстаным ғана болды және ешқандай күмән болмады. Күндердің күнінде бізге «Ислам мемлекеті» бар екенін айтты. Екі ай көлемінде ойлана жүріп, сол жерге баруға шешім қабылдадым,  – дейді Динара. Осылайша ол Сирия елін бетке алып, Ресей-Түркия әуе рейсімен жолға шыққан.

– Алғашында барлығы жақсы секілді болып көрінеді екен. Күйеуім тірі болған кезде мен көп нәрседен бейхабар болыппын. Одан соң көптеген қиындықтар мен қатыгездіктерді, кемшіліктерді көрдім. Бізді, жесірлерді бір ғимаратқа орналастырды. Төрт бөлмелі пәтердің әр бөлмесінде бірнеше әйелден тұрдық. Әрі әрқайсымыздың екі немесе одан да көп балаларымыз бар. Асүй, әжетхана, жуынатын бөлме – ортақ. Әйелдер арасында от салушылық, келіспеушілік туындай бастады. Алғашқы сәттен-ақ әйелдерге қысым бар еді. Кейін интернетті қолдануға тыйым салды. Мен  туысқандарыммен байланысу үшін таныс іздеп, телефон нөмерімді оларға беруін сұрадым. Ол жерде діни амалдарды орындағандай болады. Бірақ ол мүлде басқаша көрінетін. Мәселен, өз өзін өлтіру. Құранның қай жерінде өзін өзі өлімге қию туралы айтылған?! Көптеген бауырларымыз осылай көз жұмды. Бірқатары тәкфирлердің кесірінен өлім құшты. Ақидаға байланысты қарама-қайшы көзқарасты байқаса, өздерінікін дәлелдеп бағатын. Бізді ұдайы өздерінің берген ілімдеріне илануға бағыттайды. Басыңды сақтағың келсе, үндемеуің керек. Бір жерден екінші аумаққа көшу кезінде кері заттарын алуға барғандар бомбаға түсіп қалып жатты. Ол жердің бомбаланғанын ешкім ескертпейтін. Көптеген замандастарым сол бомбаға түсіп қалды. Бірі баласынан айырылды… Ол жақта исламның заңдарымен өмір сүріп жатқан елді көрген жоқпын. Айтарым, қазіргі уақытта ешқандай планетада «ислам мемлекеті» жоқ. Теріс сенімге алданбау үшін білімдеріңізді ресми дерек көздері арқылы көтеріңіздер, ­– деді Динара Ескендірова.

Қазір Динара екі сәбиімен ата-ана, бауырларының жанында. Бейбіт ел, ашық аспан, туған жердің қадірін түсінген ол енді қыздарының құжаттарын жасатып, жаңа өмір бастауға бекінген.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
89 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
304 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
792 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1168 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1092 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1529 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2144 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2318 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2368 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2371 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2009 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2853 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2906 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2903 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3511 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3482 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3470 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3449 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3610 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3656 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»