ШЫҢҒЫРЛАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық маслихат келісімімен, меритократия қағидасына сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімі лауазымына Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы тағайындалды.

Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы – 1978 жылы Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін «агрохимия және топырақтану», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Кожевников орта мектебінің мұғалімі;
– Жер ресустарын басқару жөніндегі Зеленов аудандық бөлімінің жетекші маманы, Переметное ауылы,
– Зеленов ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары жөніндегі бас маманы, Переметное ауылы,
– Зеленов ауданының жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, Переметное ауылы,
– Зеленов ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы, Переметное ауылы.
2014 жылдың тамыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Айта кетейік, 2019 жылдың аяғында Шыңғырлау ауданында білім беру бөлімі басшысына қатысты жемқорлық фактісі тіркелген болатын. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиғаға байланысты Шыңғырлау ауданының әкімі Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы өз еркімен жұмыстан кету туралы шешім қабылдап, өтінішін білдірген. Облыс әкімі Ержан Рысжанұлының өтінішін мақұлдады. «Жаңа ереже шықпас бұрын болған оқиға болғанымен, басшы ретінде барлық жауапкершілікті мойындай отыра осындай шешім қабылдаған аудан әкімінің әрекеті – оның тәрбие көрген, адамгершілігі және басшы ретінде жауапкершілігі мол азамат екенін көрсетеді.
Ержан Рысжанұлы тәжірибесі мол мемлекеттік қызметші. Әлі де елге тигізер пайдасы көп. Ол кадр резервінде болады» делінген облыс әкімдігінен түскен хабарламада.
Соңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу