8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қыркүйек 2018 3561 0
Жалын

Шыңға ұмтылған ШЫҢҒЫС

 

Танысаңыздар, бұл осыдан екі жыл бұрын «Облыс әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновке барып, кездесіп, қалай жұмыс істейтінін және әдемі әкімдіктің ішін көргім келеді» деп Аяз атаға хат жазған Шыңғыс Сәпиев. Қазір ол – жас кәсіпкер. 10 жасар дарын осы жылдың басында бизнес жобасы арқылы 150 мың теңге ұтып алған. Сол қаржыға ойға алған жобаларын іске асыруды бастапты. Бүгінде ол үлгілеген ұлттық нақыштағы кәдесыйлар сұранысқа ие.

 Байқаудан басталған бизнес

Шыңғыстың арманы – аяққа тұру және өзі секілді мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу. Ол – бұл арманының орындаларына шын сенеді. Себебі арманның орындалуы үшін алғашқы қадам жасалды. Бұл – бизнестің алғашқы баспалдағы.

Шыңғыс биыл 5-ші сыныпқа көшті. №19 орта мектепте оқиды. Зерек оқушы. Қолдары әлсіз болғанымен, жазуы жіпке тізгендей. Әр елдің көне және темір ақшаларынан жинаған монеталары да тола түскен. «Жинағымды сақтайтын сейф алуым керек» дейді өзі.  100 дарынды оқушының қатарындағы ұлан түрлі байқаулардың белсенді қатысушысы.  Қазір табиғи құбылыстардың пайда болуына қызығушылығы оянып жүр. Аспан әлемі, жанартаулар туралы ізденісін арттырып, зерттеулер жүргізуде.

Өзінің айтуынша, кәсіпкерлікке алғашқы қызығушылық облыстық экологиялық-биологиялық орталығы ұйымдастыратын дәстүрлі «Тұрақты даму үшін экологиялық білім бойынша балалар бизнес-жобалары» байқауына 1 сыныпта қатысуынан басталған. Мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ ой-қиялының жүйріктігін ұстаздары Ардақ Есқарақызы, Раушан Серікқызы байқапты. Осылайша, орта буынға сабақ беретін мұғалім Баршагүл Идрисованың жетекшілігімен аталмыш байқауға қатысып, бағын сынап көрген. Ол кезде қазылар талқысына бисер тоқу жобасын ұсынған болса, 2 сынып оқыған кезде табиғи материалдардан массаж жасайтын ұлтарақ дайындапты. Сол кезден бастап ақша айналымы туралы білімін толықтыруға ынта қойған. Ал биыл ол байқауға үшінші мәрте қатысып, «Пак Чже Ву методикасы бойынша күртеше» жобасымен құпия демеушіден 150 мың теңгелік қолдау грантын ұтып алды. Сондай-ақ осы жолы бастауыш сыныптардан өзі ғана қатысқанын атап өткен жөн. Өйткені қалған қатысушылар өңірдегі мектептердің орта буынындағы оқушылары болыпты. Әрі он екі мүшесі сау балалармен бірге бақ сынап, грантқа ие болуы – үлкен табыс. Байқауға әр қатысқанында жан-жақты қолдау көрсеткен ұстаздары мен байқау ұйымдастырушыларына Шыңғыстың алғысы шексіз.

–  Мен ұсынған күртеше балалардың арқасын тік ұстап отыруына көмектеседі. Бұл толықтай табиғи материалдардан жасалған. Күртешеге пайдаланылған табиғи қарақұмық (гречка) жұлынның бойындағы сүйектерді оятуға көмектеседі. Кеудешенің тез сауығуға көмегі мол, – дейді жоба авторы.

Дәл осы күртешелер мен Су Джок массажерларын Шыңғыс сыныбындағы өзі секілді жеті балаға сыйға тартқан. Сондай-ақ ол дайындаған ұтымды дүниелердің бірі – «Ақылды төсеніш». Онда балаларға оң-солды, түстерді ажыратуға арналған және тілдік қорды арттыру, дауысты-дауыссыз дыбыстарды айыру, буынға бөлуді үйрету, дамыту мақсатындағы сөздер, суреттер, пішімдер орналастырылған. Мұндайдың бірін – қаламыздағы мектептен тыс жұмыстар орталығы сатып алыпты. Ал қазір ұтып алған ақшасына өзінің жобасы бойынша кеудешелер, «Ханталапай қоржыны», кәдесыйлар дайындап сатуда.

– Ханталапай – қазақтың ұлттық ойыны. Сондықтан ол әр үйде болуы керек деп санаймын. Алғашында дорба түрінде тігіп, асықтарды соның ішіне салғанмын. Кейін дорбаны киіз үй үлгісіне өзгерттім. Қазақта «жеті» киелі сан. Соған байланыстырып, сөмкеге үш жетіге сәйкес келетіндей, 21 асық салдым. Олардың біреуін алтын түске боядым. Сөмкеде ойын ережесі бірге болады. Жобаның эскизін мен дайындаймын, анам оны жүзеге асыруға көмектеседі, – дейді Шыңғыс.

Шыңғыстың әр жобасы ұлттық құндылықтарға негізделген. Ханталапай дорбасы – киіз үй түрінде болса, тұмаршаларының композициясы қазақы ырымдарға байланыстырылған. Сондай-ақ әр бұйымда өзі үлгілеген логатипі болады. Бүгінде ол тағы бір жобаны ойластырып жүр.

– Асық ойындарынан өткізілетін жарыстарда жүлдегерлерге берілетін кубоктардың орнына топай асықтарды алтын, күміс, қола түстерге бояп, орындарына сай беруге болады. Қазір топай асықтарды жинап, бояуды бастадым. Ал басқалары сыйлықсыз қалмас үшін кіші асықтарды алтын түске бояп, ынталандыру ретінде ұсынсам деймін, – дейді ол.

 

Алтын жүректі жандардан қолдау болса

Шыңғыстың өзі айтқандай, оған ата-анасының қолдауы зор. Талғамы жоғары ұлдарының арманына қол жеткізуі үшін Еркін мен Мария аянып қалмақ емес. Шыңғысты түске дейін сабағына, одан кейін жаттығулары мен үйірмелеріне апарып, ұлдарының сауығып, қабілетін жетілдіруіне күш салып келеді. «Шыңғыс – бұйрық беруші, біз – орындаушы» деп әзілдейді анасы.

Анасының сөзінше, Шыңғыстың денсаулығы үшін жаттығу түрінде түрлі ем-шаралар жасап жатқанымен, медициналық тұрғыда ем тағайындалмаған. Өйткені бұған дейін бірнеше тексерістен өткенімен, әлі нақты диагнозы жоқ.

– Дүниеге аман-сау келген баламыз сегіз айында оқыстан бұлшық еті босап, күн санап әлсірей берді. Сол кезде дәрігерлер болжамды түрде «Бұлшық ет дистрофиясының ауыр түрі» деп диагноз қойып, жолдамамен бас қаладағы оңалту орталығына тексеріске жіберді. Астаналық мамандар одан басқа жаман диагнозды айтып, жағдайдың нашар екенін, баланың көпке бармайтынын айтты. Ол уақытта Шыңғыс 2 жасқа да толмаған еді. Қайтадан үйімізге келіп, дәрігерлерден ем сұрағаныммен, диагноздың кодын көргеннен-ақ олар балаға қарағысы келмейтін. Күннен-күнге балам солып бара жатты. Күйзеліске түстім. Бірақ, іштей баламның диагнозы дұрыс қойылмағанын сездім. Содан ұжымдастарымыздың қаржылай қолдауымен Қытай еліне тексертуге апардық. Олар қойылған диагнозды нақтыламағанымен, диагноз қоймады. Бірнеше мәрте Алматыда, Қытайда Қытай емі бойынша ине салдырып көрдік. Соның арқасында беті бері қарап, жақсарды. Өзі отырып, өзі тамақ ішетін жағдайға жетті. Қазірдің өзінде жаттығуларын өзі жасайды, – дейді анасы Мария.

Мария баласының уайымымен күйзеліске түскен күндерінде Джон Кехоның «Подсознание может все» кітабынан өзіне күш алып, рухын көтергенін айтады. Психологиялық кітаптарды жиі оқитын ананың ұлы да кітапқұмар. Шыңғыстың жинаған кітапханасынан М.Әуезовтың «Абай жолы» мен Ш.Күмісбаевтың «Тұңғыштарынан» бөлек, әлемдік сұранысқа бестселлерлерді көрдік. Кітаптан алған білімі өзіне азық боларын, өмірлік сынақтарға дайын болып, қиын кезде сынып кетпеу үшін психологиялық дайындықтың керектігін ол жақсы түсінеді. Жас та болса, үлкендерше ойлайтын балақайдың арманы орындалып, болашағы жарқын болсын деп тіледік.

Ал таяу уақытта Елеуішовтер балаларын Ресейге апарып, тағы да тексертіп көрмек.

–  Қазір отандық дәрігерлер «жұлындық бұлшық еттің семуі» деп диагноз қойды. Бірақ, нақты диагноз бойынша ем алуымыз үшін Мәскеуге барып, генетикалық сараптама жасатуымыз керек, – дейді анасы.

Көрші елде жасалатын сараптаманың құны төмен емес. Қорытындысы күткендей болмаса бұл сараптаманы бірнеше қайтара жасауға тура келуі мүмкін. Мамандар Шыңғыстың диагнозын нақтылап, ем алуы үшін 13 жасқа дейін мүмкіндік барын айтқан. Әрі төсекте қимылсыз жатқан баланың денсаулығы бүгінгідей дәрежеде жақсарғанын көргеннен кейін орта жолдан тоқтап қалуға да болмайды. Сол себепті таланты зор, ойы ұшқыр балақайға жомарт жандардың демеуі керек-ақ.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
31 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
246 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
740 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1117 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1054 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1477 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2093 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2260 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2266 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2315 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2321 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1969 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2800 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2857 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2850 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3460 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3432 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3418 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3396 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3560 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3606 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»