8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Мамыр 2017 1684 0
Жалын

«Шетте жүріп Тәуелсіздіктің қадірін ұғындым»

Батысқазақстандық Әли Нәби – бүгінде М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің магистранты. Білім қуып, ғылымға үлес қосуды ойлаған қазақ баласы ел игілігіне қызмет етсем дейді.
Зиялылар оқыған қала

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі Әли Ғаббасұлы Башқұртстандағы білім ордасын бекерге таңдамапты. – БҚМУ-да оқып жүргенде Мұрат Сабыр, Ғабит Хасанов секілді ұстаздарымыз Уфа қаласы, ондағы жоғары оқу орны туралы жиі айтатын. Сондай-ақ Башқұрт университетімен арадағы тығыз қарым-қатынас нәтижесінде ол жақтың студенттері Оралға келіп оқып жүрді. Олар да Башқұртстан туралы әңгімелеп беретін. Уфадағы «Ғалия» медресесінде кезінде Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев секілді қазақ зиялылары білім алғаны белгілі, – деп бастады әңгімесін Әли Ғаббасұлы.

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен «филология: қазақ тілі» мамандығын алып, магистратурада білімін жалғастыруды ойлаған кейіпкеріміз осылайша бірден Башқұртстанды таңдапты. Басқа елдің мәдениетін көріп, ілім-білімін меңгергісі келген жас өткен жылы Уфа қаласына жол тартады. Онда барысымен мектепте, университетте әдебиет сабағынан көп естіген, 19-шы ғасырдың басы мен 20-шы ғасырдың соңында талапкер қазақ жастары оқыған мұсылмандық жоғары діни оқу орны «Ғалия» медресесінің ғимаратын өз көзімен көруге асығады. Бабаларының ізі қалған тарихи орынды әдейілеп аралап көріпті.

Қазақтарға ықыласы ерекше
М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінде «Лингвомәдениеттану»  мамандығында оқып жүрген жастың айтуынша, бұл – жаңадан қанат жайған ғылым. Уфаға білім алуға келген қазақ жастарына бұрыннан оқып жүрген аға-әпкелері бастапқыда барлығын үйретіп, жат ортаға үйренісіп кетулеріне ықпал етеді. Шетте жүрген қаракөздеріміздің бір-бірін қамқорлауы жаныңды жадыратады. – Мен оқып жүрген оқу орнында жетпіс шақты қазақ оқиды. Ал мұнай-газ саласы мамандарын дайындайтын университетте 300 шақты қазақ жігіттері мен қыздары білім алуда. Башқұртстандағы студенттердің жағдайы жақсы, жатақханамен қамтылған. Әсіресе, шет елден келген жастарға айрықша қонақжайлық танытады. Соның ішінде қазақстандықтарға көзқарастары ерекше, – деді жерлесіміз. Әли Уфада оқи жүріп, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін де зерделеп үлгеріпті.

Башқұртстан – Ресей Федерациясының құрамындағы республика. Сондықтан бұл мемлекеттегі қазақстандық жастар еркіндіктің қаншалықты қадірлі екенін ұғынды. Өздерінің Тәуелсіз Қазақстанның тұрғыны екенін мақтанышпен жеткізеді. – Башқұртстанның астанасы – Уфада башқұрттармен қатар татарлар, орыстар көп қоныстанған. Жалпы саны 1 млн. 400 мыңдай халық тұрады. Қазақтар  Башқұртстанның оңтүстік аудандарында тұрады деп естідім. Таудың үстінде орналасқан шаһардың жанынан Ақеділ өзені ағып өтеді. Тамаша табиғаты жағынан Орал қаласына ұқсастығы бар. Халқы бақуатты көрінеді. Себебі өте қымбат көліктермен жүреді, – деген Әли Башқұртстан туралы азды-көпті білгенімен бөлісті.

Сағынышқа толы күндер
Негізгі қарым-қатынас тілі орыс тілі болғандықтан, сабақтардың басым бөлігі орысша өтеді екен. «Ал башқұрт тілі біздің тілімізбен ұқсас» дейді Әли. Уфада «Ақбота» атты қазақ диаспорасы жұмыс жасайтын көрінеді. Ұлттық мерекелерде қазақ студенттері сонда жиналады екен. Тіпті шалғайда оқып жүрген қаракөздеріміздің Қазақстаннан келген әрбір отандасын сағына күтіп алып, қастарынан табылатыны да – көңілге қуаныш ұялатты. – Бірде Уфаға гастрольдік сапармен танымал әнші Димаш Құдайбергенов келді. Батысқазақстандық термешілер Фархат Оразов пен Сұңғат Жанаев Уфада өткен халықаралық жыршылар байқауына қатысты. Жерлестерімізбен жүздесіп, оларға тілеулес болдық, – деді ол.
«Сағынған елін аңсайды» демекші, Әли шетте жүріп туған жердің күні де, түні де ыстық болатынын анық түсінді. Бұл – білімге құштар жастың өз елінен жыраққа алғашқы сапары. Сондықтан әр мемлекеттен жиналған группалас достарына Қазақстанды ертегі еліндегідей сипаттап береді. Тіпті Әлидің әңгімесінен кейін бір башқұрт қызы «Бұрын Түркияға барғым келетін еді. Енді Қазақстанды көруді армандаймын» депті.

Қазақстандық жас бүгінде диссертациялық жұмысына дайындықты бастап кеткен. Таңдап алған тақырыбына орай ХХ ғасырдың басындағы қазақ және башқұрт газеттерін зерделеуге кіріскен. – Бір әттеген-айы, башқұрт газеттері аударылмаған күйі мұрағаттарда қатталып тұр. Төте жазумен шыққан басылымдарды аударып, олардың қаузаған тақырыбын зерттеу қажет, – деді көздеген мақсатына ұмтылған жігіт.

Өрелі жастың болашағы зор
Ауылда дүниеге келіп, қарапайым қазақ шаңырағында тәрбиеленген Әли магистратураны тәмамдағаннан кейін елге оралып, қазақ ғылымына өз үлесін қоссам дейді. Отбасындағы алты ұлдың кенжесі – Әлидің болашағынан анасы Зәуреш апай да үлкен үміт күтеді. Бір өкініштісі, зерделі ұлының осындай шаққа жеткенін марқұм әкесі Ғаббас Нәбиұлы көрмей кетіпті. – Бауырымыз Әли кішкентайынан зерек, елгезек болып өсті. Мектепті, жоғары оқу орнын үздік бітірді. Анамыз оны әркез мақтан тұтып, амандығын тілеп отырады, – деді кейіпкеріміздің ағасы Абзал.
Иә, отбасының, ұстаздарының мақтанышына айналған Әли Нәби – білімге құштар қазақ жастарының бірі. Бүгінгі таңда қазақстандық жас буын кез келген өркениетті елдің жастарымен иық тіресе алатындай деңгейде. Еліміздің келешегі – білімді жастардың қолында. Осындай өрелі жастарымызға қарап, Қазақстанның болашағы жарқын боларын бағамдауға болады.

Ләззат ҚАЖЫМОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
24 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
241 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
734 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1111 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1051 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1472 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2089 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2256 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2262 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2317 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
1965 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2796 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2849 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2845 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3455 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3427 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3413 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3391 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3555 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3601 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»