8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Тамыз 2020 1197 0
Қалалықтар қаперіне

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ

17 тамыздан бастап Қазақстан балабақшаларында кезекші топтар жұмыс істей бастайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы уақытқа дейін қызметіне тыйым салынбаған нысандар дүйсенбіден әрі жұмысын жалғастыра береді. Осы нысандардан бөлек, сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы қайта жанданады. Егер бұған дейін сауда орталықтарында дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана жұмыс істесе, дүйсенбіден бастап сауда орталықтарында бутиктерде де жұмыс істей алады», – дейді Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ, сауда желілері мен ашық базарлар жұмыс істей бастайды.

«Сонымен қатар, сұлулық салондарының, сұлулық орталықтарының, шаштараздардың, SPA-орталықтарының жұмысына рұқсат етіледі. Бұл нысандардың барлығына қатаң талаптар қойылады. Бизнес нысандары осы талаптарға сай болуы керек. Талаптар ең алдымен, карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңдерінде нысанда адамдардың көп жиналмауына, әлеуметтік қашықтықтың қамтамасыз етілуіне бағытталған», – дейді ол.

Ересектер мен балаларға арналған білім беру орталықтары да ашылатынын айта кету керек.

«Сонымен бірге, біз осы орталықтардың қызметін шектейміз, яғни бір топта 5 адамнан аспауы керек. Ал сабақтар алдын ала жазылу, күшейтілген дезинфекция және әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы жүргізілуі керек. Мектепке дейінгі мекемелердің жұмысына да рұқсат етіледі, бірінші кезеңде олар кезекші топтар түрінде жұмыс істейді. Әр жасқа 15 баладан аспайтын кезекші топтар құрылады», – деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.

13 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында Карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары бекітілді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
77 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
71 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
68 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
121 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
95 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»