8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Шілде 2019 6923 0
Өзек

ШАҢЫРАҚ БИІК, БОСАҒА БЕРІК БОЛСЫН ДЕСЕК…

Қоғам арасында ажырасудың басты себебі ретінде «Жастар үлкен өмірге дайындықсыз келеді» деген пікір кең таралған. Сол себепті отау құруға ниеттенген жастарға түсінік сабақтары, үлкендердің өмірлік тәжірибесінен  кеңестер берілуі керек. Орал қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысында осы мәселе талқыланып, жас отбасылардың некесін сақтап қалу амалдары қаралды.

Қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың келтірген деректеріне сүйенсек, жыл басынан бері 1 031 жұп некеге отырған. Дәл осы мерзімде 633 жұп ажырасқан. Яғни, отбасы болғандардың есебімен алғанда 61,4 пайыз. 2018 жылы 3 374 жұп некелерін тіркесе, 1262 жұптың дәм-тұзы жараспай, ерлі-зайыптылар бір-бірінен бөлек кетуге шешім қабылдапты.

Халық арасында жүргізілген сауалнама отбасылық зорлық-зомбылық ажырасудың басты себебі екенін көрсетіп отыр. Отбасында зорлық көрген жандардың паналайтын орны – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы. Бұл орталық қаламызда  2013 жылы  ашылған болатын. Онда зорлық құрбаны болған жандарға кешенді көмек көрсетіледі. Соңғы бес жыл ішінде қатыгездік пен зорлыққа тап болған 125 әйел мен 185 бала орталықты паналаған. Орталық директоры Талшынай Жүнісованың сөзінше, өткен жылы күйеулерінен ғана емес, балаларынан зомбылық көрген әйел-аналар да орталықтың көмегіне жүгініпті.

–   Ішімдікке масайған балалары алпысты алқымдаған аналарына қол көтерген жағдайлары болды. Өз балаларының  осындай қорлығына тап болған бірнеше ана орталыққа орналасты. Дегенмен, 4-12 күн, енді бірін 1 ай мерзім ішінде қыздары алып кетті. Қазір олар қыздарымен бірге тұрып жатыр, – деді Талшынай Орынбекқызы.­

«Әйел ­– қырық шырақты» дегендей, шаңырақтың ыстығына күйіп, суығына тоңып, жамандығын жасырғанымен, шыдамның да шегі болатыны белгілі. Орталық көмегіне иек артатындардың көпшілігі тұрмыстық теперіштен әбден қалжырап, төзімі таусылғанда ғана келетін көрінеді. Дегенмен, орталықтың мақсаты – ерлі-зайыптылары жарастыру арқылы, еліміздегі бір жанұяны аман сақтап қалу. Өйткені, неке отбасылық мәселе ғана емес,  бүтін мемлекеттің мәселесі, балалардың тағдыры.

– Алғашқы күннен-ақ әйелдердің өздерімен психологтар жұмыс жасайды. Менталитетімізге сай әулеттің үлкендерін шақыртып, түсінісуге тырысамыз. Жыл басынан бері 13 әйел орталықтың қызметін алды. Жан-жақты жүргізілен жұмыстар арқылы он келіншек отбасыларына оралды. Біз олармен байланысып, қал-жағдайларын біліп, отбасылық ахуалынан хабар алып отырамыз, – деп толықтырды Талшынай Жүнісова

Орталық облыстық денсаулық сақтау басқармасымен, құқық қорғау, сот органдарымен тығыз байланыста. Сегіз бағытта қызмет көрсететін мекеме арқылы әйелдер құқықтық, медициналық, психологиялық көмек ала алады. Орталық басшысының айтуынша, қазіргі уақытта әйелдердің іс тігуіне мүмкіндік болмай тұр. Сондай-ақ Бақытжан Хаберұлы көрсететін қызметтерді толықтай ашуда орталықтың қазіргі орын-жайы қолайсыз екенін атап өтіп, мекемені екі қабатты жаңа ғимаратқа көшіру туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

2018 жылы Қоғамдық даму министрлігі ұсынған  отбасыны дамыту мен қолдаудың 2019-2024 жылдарға арналған жол картасында отбасын құру мен дамытудың барлық кезеңіндегі ведомствоаралық кешенді жұмыс қарастырылған. Атап айтқанда, некеге тұру туралы өтініш беруден бастап, бала дүниеге келгенде, дағдарыс кезеңінде және ажырасу жағдайы туындаған кезде ерлі-зайыптыларды татуластыру мақсатында қолдау жасалады. Қалалық АХАЖ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Эльмира Алтайқызы жол картасында көрсетілген мақсатты межелер туралы мәлімдеп, осы бағытта қалада қолға алынған жұмыстармен таныстырды.

–  Жол картасы шаралары арқылы ажырасу жағдайын биыл 41 пайыздан 38,2 пайызға дейін, 2023 жылға 30 пайызға дейін, 2030 жылға қарай 25 пайызға дейін азайту көзделуде. Бұл мақсаттағы механизмдердің бірі соттарда отбасын қолдау ресурстық орталықтарын ашу. Тәжірибе көрсеткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылық, ер азаматтың қаржылық жағдайының төмендігі және ерлердің алкогольге, нашаға, құмар ойындарға тәуелділігі – ажырасуға себеп болады. Жас жанұялардың ажырасуының алдын алу мақсатымен қазіргі уақытта қалалық ішкі саясат, АХАЖ бөлімдері мен «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі бекітілген жоспар негізінде іс-шараларды қолға алды. Бұл ретте некеге отыруға өтініш беруші жұптарға түсінік жұмыстары, психологиялық тренингтер жүргізіледі. «Әйел.Қоғам.Болашақ» қоғамдық бірлестігі отбасы құндылығын бағалау, болашақ ұрпақ тәрбиесі хақында лекция өткізуде. Бұл шараға №2 сот мамандары да атсалысуда, – дейді  Эльмира Алтайқызы.

Профилактикалық шаралар мамыр айында басталған. Осы уақыт аралығында отбасылық өмірге дайындық туралы семинарға 55 жұп қатысқан. Жас отауға қолдау көрсету, кеңес беру мақсатында әлеуметтік желілер де пайдаланылуда.

Басқосуда «Жайық таңы»  қоғамдық бірлестігі төрайымы Гүлбаршын Мұштанова семинарды жүргізу барысында туындаған кейбір мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, жұптарды семинарға тартуда белгілі міндеттемелер енгізу, семинарды жүргізуге жайлы орын-жай қарастыру қажеттігі талқыланды.

Кеңес мүшелерінің сөзінше, құрылған жас шаңыраққа алғашқы 3-5 жыл көлемінде туған-туыстармен қатар, кәсіби мамандардың қолдауы керек. Психологтар да осы пікірді қолдайды. Яғни, алғашқы бес жылдықта отбасының іргетасы қаланады. Осы уақытты сәтті өткізген ерлі-зайыптылардың болашақта ажырасу көрсеткіші төмен болады екен.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
44 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
127 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
353 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
837 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1216 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1125 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1573 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2189 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2355 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2361 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2413 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2417 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2042 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2898 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2950 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2946 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3557 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3527 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3516 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3492 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3653 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»