ШАҒЫН ДҮКЕНДЕР ЖЕЛІСІ АШЫЛАДЫ
Оралда азық-түлік өнімдерін арзан бағамен сатуға арналған шағын дүкендер желісі құрылады. Дүкендер желісінде тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар өнімдері және жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің тауарлары сатылатын болады. Бұл туралы дүйсенбі күні БҚО әкімдігінде әлеуметтік маңызы бар тауар өнімдерінің бағасын тежеу бойынша өткен жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев мәлімдеді.


БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтың айтуынша, алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар тауарлар арзан бағамен сатылатын «Ел ырысы» шағын маркеттер желісін құру жоспарланып отыр.
– «У дома» дүкенінің осындай тұжырымдамасы бар. Осы дүкендердің құрылымында әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатылымның 5-7 пайыз шамасын құрайды. Олар негізгі пайданы осы тауарларды сатудан емес, алкоголь мен темекіден алады. Біз «Ел Ырысы» шағын базарларында өзіміздің әлеуметтік дүкендер желісін құрып, олардың санын 30-ға жеткізіп, қала бойынша дамытқымыз келеді. Олар тауарларды тұрақтандыру қорынан арзан бағамен сататын болады. Біз барлық ауылшаруашылық тауар өндірушілерімізге мүмкіндік береміз, – деді БҚО әкімінің бірінші орынбасары. Сондай-ақ Мұхтар Наурызбайұлы қазіргі таңда әкімдік қызметкерлері орта және шағын кәсіпкерлік нысандарының жұмысына араласа алмайтынын, бірақ халықты арзан өніммен қамтамасыз ету олардың міндеті екенін ашып айтты.
Айта кету керек, шағын базарлар желісі бюджет қаражаты есебінен салынады, бір бутикке шамамен 2,2 млн. теңге жұмсалады. Кейін ол тікелей тауар өндірушілердің жауапкершілігіне берілмек. Күні бүгінде өңір тұрғындары күнбағыс майының бағасы екі есеге өскенін айтып дабыл қағуда. Жиында көкөністерге, қант пен күнбағыс майына осы жылдың желтоқсанынан бастап келесі жылдың ақпанына дейін шекті бағалар қою мәселесі жан-жақты талқыланды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу