ҮШ ЖЕҢІЛ КӨЛІК ҚАР ҚҰРСАУЫНДА ҚАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы аумағында үш жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған.
БҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 наурызға қараған түні «Қаратөбе-Қалдығайты» тас жолында үш жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған. Таңғы сағат 4.00-де ТЖД күшімен үш көлік те шығарылып, 22 шақырымдық қашықтықтағы Қаратөбе ауылына эвакуацияланды. Көліктерде жалпы 11 адам болған, оның біреуі – бала. Құтқарылғандар медициналық көмекті қажет етпеген.
Айта кетейік, кеше, 4 наурыз күні облыс орталығында оқушылар тасымалдайтын екі автобус пен жеті жеңіл көлік қар құрсауында қалған болатын және сағат 23.00-де төтеншеліктер ауа райының нашарлауына байланысты республикалық және облыстық жолдар барлық автокөлік түрлері үшін жабылғанын хабарлаған еді.
Пікір үстеу