ҮШ ЖАСӨСПІРІМ ӨЗ ӨЗІНЕ ҚОЛ САЛДЫ
Айналдырған бір айға толмайтын уақытта БҚО -да 3 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Оның екеуі ер бала болса үшіншісі жасөспірім қыз бала. Аталмыш жағдайларға байланысты бүгінде барлық мектеп оқушыларының әлеуметтік парақшалардағы аккаунттары тексеруге алынуда.

Оқиға қарашаның 13-іне ауған түні болған. 11 сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы қорадан асылулы күйінде табылған. Аудандық білім бөліміндегілердің мәліметінше, жасөспірім Жаңақала аулындағы Жүнісов атындағы мектептің 11-сыныбында оқыған. «Жасөспірім түнде өз үйінің ауласындағы қорада асылып қалған. Әкесі түнгі ауысымнан келіп, малға жем беру үшін қораға кіргенде, баласының денесін көрген. Бұл кезде анасы Оралда емделіп жатқан. Оның неліктен мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Жақсы отбасыдан шыққан. Ата-анасының 5 баласы бар. Сол күні үйінде де, мектепте де ешқандай жанжал болмаған», – дейді білім бөліміндегілер. Ал екінші қайғылы жағдай аталған аудандағы Айдархан ауылында болды. Оқиға 2 желтоқсан күні тіркелген. Айдархан жалпы орта білім беретін мектептің 11-сыныбында оқитын жасөспірім өз үйінің ауласында өзіне-өзі қол жұмсапты. «Оқушы толық отбасында тәрбиеленген. Қазіргі кезде құзырлы органдар тарапынан анықтау жұмыстары жүргізілуде». Марқұм соңына ешкімді кінәламау керектігін айтып, хат қалдырған.Осы орайда аудандық білім беру бөлімінің басшысы Руслан Қонысбайұлы қазіргі таңда мектеп оқушаларының қалта телефондары бақылауға алынғанын және мектеп психологтары білім алушылармен үздіксіз жұмыстанып жатқанын тілге тиек етті. Ал марқұм болған оқушылар ҰБТ дайындалып жүріпті. Осы орайда білім басқармасы жанынан құрылған комиссия қос мектеп директорларына қатысты бір шешім шығаратын болады. Ал үшінші қайғылы жағдай Сырым ауданы Бұлан ауылында тіркеліп отыр. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз хатшысы Болатбек Белгібеков мәлімеді. – Қыз бала 9-сыныпта оқыған. Марқұмның қалтасынан хат пен ұялы телефон табылды. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды,- деді Болатбек Еркебұланұлы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу