Үш ауданның әкімдері сайланды
5 қарашада Батыс Қазақстан облысында алғаш рет пилоттық режимде Бөкей Ордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандары әкімдерінің сайлауы өтті.
ҚР Орталық комиссиясының мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 28897 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 17033 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 8, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 1809 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – тоғыз. Бөкей Ордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандары әкімдерінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Бөкей Ордасы ауданы бойынша
Гильманов Мирамбек Мударесұлы үшін сайлаушылардың 782 дауысы берілді,
Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы үшін сайлаушылардың 4660 дауысы берілді.
Кереш Нарынбек Сегізбайұлы үшін сайлаушылардың 426 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 178.
Қаратөбе ауданы бойынша
Мұқанов Қанат Мұратұлы үшін сайлаушылардың 557 дауысы берілді,
Сайынов Ермек Бекболатұлы үшін сайлаушылардың 448 дауысы берілді.
Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлы үшін сайлаушылардың 4329 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 115.
Тасқала ауданы бойынша
Нарыков Мэлс Жасанғалиұлы үшін сайлаушылардың 1032 дауысы берілді,
Тоқжанов Бекжан Нұрланұлы үшін сайлаушылардың 381 дауысы берілді.
Шакиров Талғат Асқарұлы үшін сайлаушылардың 3138 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 317.
Сайлау қорытындыларымен Бөкейордасы, Қаратөбе, Тасқала аудандарының әкімдері болып:
Бөкей Ордасы ауданы бойынша – Даумов Нұрлыбек Жасқайратұлы сайланды, 1981 жылы туған.
Қаратөбе ауданы бойынша – Сүйеуғалиев Қадыржан Орынбасарұлы сайланды, 1972 жылы туған.
Тасқала ауданы бойынша – Шакиров Талғат Асқарұлы сайланды, 1973 жылы туған.
Версия для печати