8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Наурыз 2019 1759 0
Өзек

ҮШ АЙДА 14 ЖАЗАТАЙЫМ ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛІП, ЕКІ АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік органдармен және әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, 2019 жылды – «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жылы» деп жариялады.  Мақсат – кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіби ауруларды азайту. Өйткені елімізде өндіріс орындарында зардап шегу фактілерінің жиі орын алуы алаңдатуда. Биылдың өзінде Батыс Қазақстан облысында 14 жазатайым жағдай орын алып, екі адам көз жұмған. Өңірде өндірістік жарақаттану жағдайларының орын алуы және «Еңбекті қорғау жылы» аясында атқарылатын жұмыстар туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте сала мамандары айтып берді.

Былтыр елімізде 1404 адам өндірісте жарақат алған, 114 адам қайтыс болыпты. Бұған жұмыс өндірісінің дұрыс ұйымдастырылмауы, зардап шегушінің абайсыздығы, жұмыс жабдықтарының қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмеуі, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқытудағы кемшіліктер, кәсіпорындарда еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы үшін жауапты тұлғалар тарапынан ішкі бақылаудың болмауы, жұмыс берушінің қызметкерлерді жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз етпеуі сынды сан түрлі себеп бар.

Республика бойынша өндіріс орындарында жарақаттану деңгейі артып отырғанымен, Батыс Қазақстан облыстық еңбек инспекциясы басқармасы өңірде өндірістік жарақаттану динамикасының төмендеп келе жатқанын айтады. Басқарма басшысының орынбасары Арман Тұйғынбетов келтірген деректерге сүйенсек, 2017 жылы өндірістегі жазатайым оқиғалардан 68 адам зардап шеккен болса, 2018 жылы зардап шеккендер саны 20,5 пайызға төмендеп, 55 адамды құрады. Әйткенмен, жеті адам қаза тапқан.

Салалар бойынша жіктейтін болсақ, оқыс оқиғалардың көбінесе құрылыста орын алатыны байқалады. Одан кейін бюджеттік ұйымдарда, энергетика өнеркәсібінде де жазатайым жағдайлар тіркелуде.

Тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша былтыр еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында 59 заңбұзушылық анықталған. Жұмыс берушілерге анықталған заң бұзушылықтарды жоюға қатысты 31 нұсқама беріліп, 10 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша уақытында оқудан және білімін тексеруден өтпеген ұйымдардың 85 қызметкері жұмыстан шеттетілді.

– Мұндай типті жазатайым оқиғалар бойынша заңнама бұзушылықтарына жол берген жұмыс берушілерге қабылданған шараларға қарамастан, әлі де еңбек орнында осындай жағдайлар орын алуда.  Биыл аталған олқылықтардың орын толтыру мақсатында,  еліміз бойынша осы салада «Еңбекті қорғау жылы» болып белгіленіп,  кәсіподақтар басқармасы мен еңбек инспекциясы біріккен жобаны жүзеге асыруда. Яғни кәсіподақ жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек шартының болуын қамтамасыз ететін болса, еңбек инспекциясы сол шарттың заңды жүзеге асауын қадағалайды, – дейді БҚО еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Ерлан Тасқалиев.

Брифинг барысында «Батыс Қазақстан облыстық  кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бауыржан Атауов кәсіподақтар орталығы облыс тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау, жұмыскерлердің еңбек заңнамасы мен кәсіподақ заңнамасына сәйкес құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты азаматтарға кеңес беру жұмыстарын жүргізу мақсатында әр айдың соңғы сәрсенбісі күні қоғамдық бақылау жүргізілетінінен хабардар етті. Сондай-ақ облысымыздағы кәсіподақ мүшелеріне және жұмысшыларға ыңғайлы болуы және ақпараттың жылдам жетуі үшін жедел телефон қызметі іске қосылған. Бұл телефон нөміріне жұмыс барысында құқығы бұзылған, сондай-ақ мәселе туындаған әр бір жұмысшы және кәсіподақ мүшесі хабарласа алады. Еңбек қатынастары бойынша шағымдар үшін Орталық ғимаратында «сенім жәшігі» орнатылған.

«Еңбекті қорғау жылы» аясында облыс бойынша өндірістік кәсіпорындардың жұмыс берушілерінің қатысуымен жарақаттану, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңестер өткізіледі, өңірлік үш жақты комиссиялардың отырыстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы профилактикалық бақылау және қадағалау,  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмыс қорытындылары, кәсіпорындардың халықаралық стандарттарды енгізуіне мониторинг нәтижелері қаралатын болады.

«Еңбекті қорғау қауіпсіздігі бойынша үздік жас инженер», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы үздік қызмет», «Еңбекті қорғаудың үздік техникалық инспекторы», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациялары бойынша жұмыс берушілер арасында «Сенім-2019» және «Парыз» байқаулары өткізіледі.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
88 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
304 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
792 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1168 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1092 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1529 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2144 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2311 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2318 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2368 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2371 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2009 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2853 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2906 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2903 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3511 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3482 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3470 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3449 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3610 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3656 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»