СЕНБІЛІККЕ СЕН ДЕ ҮЛЕС ҚОС
Орал қаласы әкімінің орынбасары Сергей Доляның төрағалығымен 24 тамыз күні өтетін сенбілікке орай жиын өтіп, оған пәтер иелері кооперативінің төрағалары қатысты.

– 1 қыркүйекте қала күні тойланатынын өздеріңіз жақсы білесіздер. Сондықтан осы аптаның сенбісінде сенбілік ұйымдастырылады. Бұл шараға барлық мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіп иелері белсене қатысуы керек. Көшелердің барлығын айнадай жарқыратып қоюымыз қажет. Енді осы тұста айта кететін бір мәселе бар: Ол – пәтер иелері кооперативіне қатысты. Көп қабатты пәтерлердің алды тазаланбайды деп, тұрғындардан шағым түсуде, – деді жиында Сергей Доля.
Қала әкімінің орынбасарының бұл уәжіне пәтер иелері кооперативінің төрағалары кей тұрғындар қоқыстарын арнайы қоқыс төгетін жәшікке емес, подъездердің алдына тастап кететіндерін алға тартты. Олардың сөзінше, тұрғындар тазалыққа аса қатты бас қатырмайды-мыс. Тұрғындардың немқұрайлығынан әбден мезі болдық дейді ПИК төрағалары.
Есенжол ЕЛЕКЕНОВ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу