8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Маусым 2024 18618 0
Дені сау ұлт

Сенбілік ұйымдастырылды

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жалғасып жатыр.


Аталмыш осы акция шеңберінде облыста «Біз таза ел үшін!» жобасы ұйымдастырылды. Экологилық мәдениетті қалыптастыру, туған көне Орал шаһарына деген сүйіспеншілікті артыру мақсатындағы іс-шараға қаламыздың бірнеше еңбек ұжымдары қатысып, төңіректерді қоқыстарды жинастыруда.

15 маусымда Орал қаласы полиция басқармасының жиырмаға жуық тәртіп сақшысы да экологияға қамқор болып, табиғатты аялау үшін туған қаламыздың көркейіп, абаттандырылуына арналған сенбілікке қатысты. Сенбілік басталмас бұрын жеке құрам алдында басқарма басшылары қолдарына кетпен мен күрек, сыпыртқы және тырмауыш ұстап шыққан сақшылардың ұйымшылдықпен атқаруын, өскелең ұрпаққа үлгі болатындай еңбектенулерін талап етті, төңіректің тазалануына бір кісідей ат салысуға шақырды.

Басқарманың айналасын, жақын аумақтарды тазалап жүрген сақшылар ертелете жұмысқа кірісті. Олардың жүзінен шаршағандық байқалмайды. Сенбілікте қызметкерлер басқарманың оң және сол қапталын сыпырғымен сыпырып тазаласа, басқарманың алдыңғы және артқы бөліктерін көктемнің тентек желімен жарысқан, ұшқан қағаз, целлофан қалдықтарынан арылтты.

Әйел қызметкерлер бұған дейін де егулі тұрған және жаңадан тамыры жерге енген жасыл шыршаның түбіне су құйып, әктеді. Қолдарына тырма ұстаған инспекторлар қыстай қар астында қалған шіріген ағаш жапырақтарын, бұталарды тырмалап, арнайы көліктерге тиеді.

Криминалдық полиция бөлімінің-жедел уәкілдері, жедел криминалистік бөлімшенің-криминалистері, мектеп инспекторлары, кадрлар жұмысы бөлімінің инспекторлары басқарма ғимаратының алдыңғы бөлігін тырмалап, қылқан жапырақты ағаш түптерін қопсытты. Аула ішін сыпырып, теректер суарылды.

Ауладағы спорттық алаңқай тегістей сыпырылып, тазаланды. Ағаштардың тыңайтқыштары жаңартылды. Басқарма маңынан жиналған қатты зат қалдықтары, қар астында қалған бұтақтар, өзге де күл-қоқыстар арнайы контейнерлерге тиеліп, қала сыртына шығарылды.

Орал қаласының полиция басқармасы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жалын
Жастарға жігер берген форум
11 Желтоқсан 2025
134 0
Бәрекелді!
БҚО-да жаңа жол айрығы пайдалануға берілді
10 Желтоқсан 2025
142 0
Жалын
Әр кейіпкер – шежіре-дастан
08 Желтоқсан 2025
268 0
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
533 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
584 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
653 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
679 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
725 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
350 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
947 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
963 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
917 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»