СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ ӨҢІРІМІЗГЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында мәслихат депутаттарымен, мәслихат жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен және Кәсіпкер әйелдер ассоциациясының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Мәслихат депутаттары аймақтың дамуына қатысты Жайық өзеніндегі экологиялық жағдай, кәсіпкерлікті дамыту, агроөнеркәсіп кешенін қолдау туралы ең маңызды мәселелерді ортаға салды.

«Мүмкін, біз әр облысқа арналған парламенттік тыңдаулар жоспарлауымыз керек шығар. Сонда біз жергілікті жерлердегі адамдарды не толғандыратынын, шешілмей жатқан қандай жүйелі проблемалар барын бірден білетін боламыз. Бұл жерде реттеудің жоқтығынан немесе оның жеткіліксіздігінен, болмаса заңнамалық базаның әлсіздігінен шешілмейтін мәселелер туралы сөз болып отыр», – деді Д.Назарбаева мәслихат депутаттарымен кездесуде.
Д.Назарбаева мәслихат жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуде қазіргі кезде елімізде 4 мыңға тарта адам жұмыс істейтін 200-ден астам кеңес құрылғанын еске салды. Сенат басшысының айтуынша, қоғамдық кеңестердің міндеті – қабылданатын шешімдерге тұрақты сараптама жасаудың есебінен атқарушы және заң шығарушы биліктің өңірлік органдары жұмысының сапасын арттыру, мемлекеттік билік органдарының алдына аймақ халқын барынша алаңдататын өзекті мәселелерді қоя білу.
Д.Назарбаева Кәсіпкер әйелдер ассоциациясының өкілдерімен кездесу кезінде мемлекеттік басқару мен еліміздің саяси өміріне әйелдердің қатысуын кеңейтуге назар аударды. Оның пікірінше, Қазақстан халқының 50 пайызынан астамын әйелдер құрайтындығына қарамастан, олар мемлекеттік құрылымдарда аз. «Мемлекеттік органдар немесе компаниялардың басшыларымен қоса, көптеген жұмыс берушілер басшылық лауазымға әйелдерге қарағанда ер адамды көбірек алатыны құпия емес. Бұл жағдайды республикалық та, аймақтық деңгейде де өзгерту керек», – деді Д.Назарбаева.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу