САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫ, БАЗАРЛАР ЖЕКСЕНБІДЕ ЖҰМЫС ЖАСАМАЙДЫ – ЖАҢА ҚАУЛЫ
Бүгін, 18 наурыз күні БҚО-да карантиндік шектеу шараларын күшейтуге қатысты жаңа қаулы шықты. БҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев қол қойған қаулыға сәйкес, азық түліктік және азық-түліктік емес базарлар, сауда орталықтары жексенбі күндері жұмыстарын тоқтатуы тиіс. Шектеу 20 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаулыда көрсетілгендей, азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлардың жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс жасайды. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 «Қазақстан Республикасының халқы арасында короновирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қаулысының (бұдан әрі – ҚР МБСД №67) талаптарын сақтауы тиіс. Ал жексенбі күндері жұмысты тоқтатады.
Азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың жұмыс кестесі – сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін. ҚР БМСД №67 талаптарын сақтауы тиіс. Ал сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтатады.
Сауда үйлері мен орталықтарының жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін. Толтырылуы 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес есебімен объект сыйымдылығының 30 пайызынан артық болмауы керек. Оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды, сұлулық салондарын, химиялық тазартқыштар, гүлдерді сату дүкендерін, фотосалондарды, банктерді (банкоматтарды) қоспағанда, ҚР БМСД №67 талаптарын сақтай отырып, сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтатады.
Азық-түлік емес дүкендердің (бөлек орналасқан) жұмыс кестесі – сағат 09.00 -ден 18.00-ге дейін, ҚР БМСД №67 талаптарын сақтай отырып жұмыс жасайды.
Қоғамдық тамақтану объектілеріне – ҚР БМСД №67 Қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс кестесі сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс жасауға рұқсат. Толтырылуы 50 пайыздан асырмай, 30 орыннан артық емес, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуы қамтамасыз етіледі, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс, ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды

Кіру
Пікір үстеу