САУДА ҮЙЛЕРІНДЕ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН
Орал қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қаладағы ірі сауда үйлеріне кіріп, бірнеше рет ұрлыққа жол берген күдікті тұлғаны құрықтады.

Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал қаласындағы «Строитель» ықшам ауданының тұрғыны 1982 жылғы А. есімді тұлға 2021 жылғы 12 қаңтарда, сағат 18.02-де «Электрокомплект» сауда үйінде құрылысқа қажетті таптырмайтын бірнеше затты білдіртпей жымқырған. 1959 жылғы Н. есімді азаматқа 32 мың теңге материалдық залал келген.
Полиция қызметкерлерінің құрығына ілінгенше келесі кезекті ұрлықты 20 қаңтарда жасап үлгерді. Бұл күні кешкі сағат 18.00 шамасында Әбілқайыр хан даңғылындағы «Аяжан» сауда үйінен уақ-түйектер сатып алмақ ниет танытып, киім- кешектер жиналған сөрелерді аралап жүріп, үстел үстінен «Самсунг Галакси А21С» маркілі ұялы телефонды ұрлаған. Әрекетін сездірмеу үшін телефонның бетін полиэтилен пакетпен көлегейлеп, телефонды қолына қысып, сауда үйінен зып беріп шығып жүре берген. Г.есімді сауда үйінің қызметкеріне 80 мың теңге көлемінде материалдық шығын келді.
Алайда, қырағы, көп жылғы еңбек өтілі бар жедел уәкілдер ұрлық қылмысын ашу үшін бірнеше бейнебақылау камераларын қарап, күдіктіні байқайды. Сақшылар әр қимылын мұқият зерделеп, күдіктіні ұстап, басқармаға жеткізген кезде ұрлық жасағанын толықтай мойындады.
Әр ұрлық орын алған мекенжайдан бейнетаспаға жазылған бұлтартпас айғақтар да алынды.
39 жастағы күдікті алдағы күндері заң алдында жауапталады.
Бүгінгі күні Полиция басқармасының тергеу бөлімінің өндірісінде осы ұрлық оқиғалары тергелуде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме

Кіру
Пікір үстеу