САУДА ҮЙЛЕРІНДЕ ҰРЛЫҚ КӨБЕЙДІ
Жыл басынан бері Орал қаласы аумағында орын алған 3 197 ұрлық фактісі тіркелген. Олардың басым бөлігі, яғни 33 пайызы – ұялы телефон ұрлығы.

Орал қаласы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары, полиция майоры Жәнібек Дүйсемовтың мәліметінше, ұрлық көбіне адамдар көп жиналатын жерде болады. Соның ішінде сауда үйлерде жиі орын алып отырғанын атап өту керек.
– Көпшілік өздерінің жеке заттарына бейқам қарайды. Осы орайда, ұрлықшылар адамдардың алаңғасарлығын пайдаланып кететін жайттар аз емес. Жыл басынан бері сауда үйлерінде 174 ұрлық орын алды. Оның 65-і ұялы телефонның ұрлануына қатысты. Нақтырақ айтсақ, «City Center» сауда ойын-сауық орталығында 55 ұрлық, «Адал» сауда үйінде – 27, «Орал» сауда ойын-сауық орталығында – 13, «Атриумда» – 11, «Азизада» – 11, «Asia Mall» сауда үйінде — 10, «Аяжанда» — 8, «Московскийда» — 7, ТЦ «Alem Plaza» сауда үйінде — 6 ұрлық фактісі тіркелді, – дейді полиция майоры Жәнібек Рахымұлы.
Қазіргі уақытта қоғамдық көліктерде жолаушылардың ақпараттануы үшін қалта ұрлықшыларының қаупі туралы жадынамалар мен қылмыскерлердің фотосуреттері ілінген. Енді қала әкімдігі мен жергілікті полиция қызметі дәл осындай ақпараттық жадынамаларды сауда үйлеріне орналастыруда.
Соңғы жаңалықтар
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

Кіру
Пікір үстеу