САУАТ АШУ КУРСЫ ЖАНДАНУДА
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы бойынша имамдарға қойылған төрт бағыттың бірі – халықтың діни білімін арттыру. Бұл мақсатта сауат ашу курстарын ұйымдастыру міндеттелген.

Осы бағыт бойынша Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы БҚО өкіл имамының бастамасымен мектеп оқушыларының жазғы демалысын тиімді пайдалану үшін облыстық орталық мешітте діни сауат ашу дәрістері жүргізілуде.
Мектеп жасындағы 60-тан аса шәкірт араб тілі, ата-ананы сыйлау, ахлақ, Құран сабақтарын үйреніп, ислами тәлім-тәрбиемен сусындауда.
Дәрісті ұлдарға Орал орталық мешітінің ұстазы Ринад Акимов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің шәкірті Түймебай Құдайберген, ал қыздарға аталмыш мешіттің ұстазы Гүлжамила Ахметова мен Алматы облысы Қарасай ауданы «Үшқоңыр» медресе-колледжінің шәкірттері Әлима Рахметтолла, Дилназ Бүрпиева, Гүлназ Сәмөк, Салтанат Жанғас, Шымкент медресесінің шәкірті Диана Бердіғалиқызы жүргізуде. Қазіргі уақытта төрт топ ұйымдастырылды. Солардың ішінде ақжаулықтар аналарымыздың да ілім алып жүргені жүрекке қуаныш сыйлайды.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу