8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қаңтар 2021 1358 0
Өзек

САТУШЫ КАССАДАН 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҰРЛАҒАН

Дүкенге сатушы ретінде қызметке орналасқан 26 жасар ару кассадан тұрақты түрде ақша алып отырған.  

БҚО Полиция департаменті  баспасөз қызметінің  мәліметінше, 1994 жылғы  К. есімді Теректі ауданының тұрғыны өзі қызмет жасайтын дүкен кассасынан 2020 жылғы қазан айының  басынан желтоқсан айының соңына дейін мезгіл-мезгіл ақша ұрлаған. Осылайша, ол дүкен иесіне жалпы есебі 1 млн. теңге шығын келтірген. 

 Аталған факті бойынша Теректі ауданының Полиция бөлімі ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабы (ұрлық) 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. 

Еске сала кетейік,бұған дейін өңірде осыған ұқсас ұрлық ұрлық фактісі тіркелгенін, яғни сатушының дүкен кассасынан 200 мың теңге ұрлағанын жазған едік.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
129 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
374 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»